
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судья ауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың жаңа кезеңін жариялайды
Осыдан бұрын хабарланғандай Жоғары Сот Кеңесі үстіміздегі жылдың 3 сәуірінде жаңа тәртіп бойынша жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырды, оған іріктелген 80 кандидат кірді.
Бұл ретте, судьялық кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Кезең-кезеңмен, кейінгі іріктеулер қорытындыларының шығарылуына қарай, жаңа кандидаттар есебінен резерв жаңартылып отыратын болады.
Осыған байланысты, Жоғары Сот Кеңесі кадр резервін қалыптастырудың келесі кезеңін бастайды. 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап, жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервіне қою үшін құжаттар қабылдайды.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 1 маусым.
Жұмыс істеп жүрген судьяларды, судьялыққа кандидаттарды, сондай-ақ бұрын судья қызметін атқарған тұлғаларды судьялық резервке қою жөнінде өтініштер мен құжаттар тапсыруға шақырамыз.
Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды зерделеу. Бағалау және іріктеу кезінде оны қалыптастырудың барлық кезеңдерінің барынша объективті және ашық болуын қамтамасыз ету бағыты жалғастырылады.
Судьялық бос орындарға кандидаттарды іріктеу кезінде және кандидатураларды талқылау кезінде Жоғары Сот Кеңесінің отырыстарында, Жоғарғы Соттың, облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы отырыстарында басымдық кадр резервінде тұрған адамдарға берілетінін атап өтеміз.
Кандидаттың резервте тұруы судьялық бос орындарға орналасуға алдағы уақытта өткізілетін барлық конкурстардың қорытындыларын шығару кезінде ескерілетін болады.
Сонымен, үстіміздегі жылдың 15 сәуірінен бастап, 1 маусымға дейінгі кезеңде аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген соттың төрағасының, сот алқасының төрағасы мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы мен судьясының лауазымдарына кадр резервіне (бұдан әрі – кадр резерві) қою туралы өтініштер қабылданады.
Аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген соттың төрағасының, сот алқасының төрағасы мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы мен судьясының лауазымдарына кадр резервіне қою Аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген соттың төрағасының, сот алқасының төрағасы мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы мен судьясының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүргізіледі.
Кадр резервіне «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның біліктілік талаптарына және Қағидаларға сәйкес келетін, судья қызметінде немесе заң мамандығы бойынша қажетті жұмыс өтілі бар, жұмыс көрсеткіштері жақсы, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеті адамдар алынады, оның ішінде:
1) жұмыс істеп жүрген судьялар;
2) бұрын судья қызмет атқарған тұлғалар;
3) судьялыққа кандидаттар.
Кадр резервін мынадай лауазымдар бойынша қалыптастырады:
1) аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасы;
2) облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы;
3) облыстық соттың сот алқасының төрағасы;
4) облыстық соттың төрағасы;
5) Жоғарғы Соттың судьясы;
6) Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы.
Кадр резервіне тұруға мыналар құқылы:
1) аудандық сот төрағасының лауазымына – судьялар немесе судьялық қызметте кемінде бес жыл өтілі, тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеттері бар адамдар;
2) облыстық сот судьясының лауазымына – судьялар немесе заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар немесе судьялық қызметте кемінде бес жыл өтілі, тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз адамдар;
3) облыстық соттың сот алқасының төрағасы мен төрағасының лауазымына – судьялар немесе судьялық қызметте кемінде он жыл өтілі, тиісті біліктілігі бар, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеттері бар адамдар;
4) Жоғарғы Сот судьясының лауазымына – судьялар немесе заңгерлік кәсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде он жылы судьялық, оның бес жылы облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі, тиісті біліктілігі бар, беделі мінсіз адамдар;
5) Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – Жоғарғы Сот судьялары.
Кадр резервіне тұруға ниет білдірген адамдар өзі резервке тұруды қалайтын лауазымды көрсетіп, Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) өтініш береді. Бұл ретте, лауазым санатына қарай соттардың атауы мен маманданымы, сондай-ақ өзі жұмыс істеуді қалайтын республика өңірлері міндетті түрде көрсетілетінін ескерген жөн:
1) Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – сот алқасы (азаматтық, қылмыстық, мамандандырылған);
2) облыстық соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – сот алқасы (азаматтық, қылмыстық);
3) облыстық сот судьясының лауазымына – облыстық сот;
4) аудандық сот төрағасының лауазымына – аудандық сот.
Бірнеше облыстық немесе аудандық сотты, барлық облыстық немесе аудандық сотты, барлық сот алқаларын, нақты бір облыстағы аудандық соттарды, облыс орталықтарында орналасқан аудандық соттарды, белгілі бір маманданым бойынша соттарды (экономикалық, әкімшілік және т.б.) көрсетуге болады.
Тиісті білімдері болған жағдайда, бір адам бірнеше санаттар бойынша (мысалы, азаматтық және қылмыстық алқа төрағаларының лауазымдарына) немесе бірненше облыстар бойынша резервте тұра алады.
Жұмыс істеп жүрген судьялар Комиссияға өтініш қана жібереді.
Жұмыс істеп жүрген судьяларға қатысты мінездемелерді, жұмыс көрсеткіштерін, шағымдар туралы, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, заңдылықты бұзғаны туралы прокурорлардың ұсынымдары туралы мәліметтерді Комиссия облыстық соттардан дербес сұратады.
Жұмыс істеп жүрген судья болып табылмайтын адамдар өтінішке мынадай құжаттарды қоса беруге тиіс:
1) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолымен толтырылады.
Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі. Болған жағдайда заң мамандығы бойынша орта арнаулы білімін міндетті түрде көрсету қажет.
Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында оқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі. Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқан орындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезінде қолданылған атауын пайдалану қажет. Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.
Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.
«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағаны толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін көрсету қажет;
2) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.
Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;
Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;
3) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;
4) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері. Болған кезде – сондай-ақ орта арнаулы заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Қосымша (арнаулы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Мамандандырылған соттың судьясы немесе төрағасы бос орындарына конкурсқа қатысқан жағдайда тиісті қосымша (арнайы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірмесі.
Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі куәландырған нақты лауазымдары көрсетілген анықтама ұсыну қажет.
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтарынан үзінділер ұсынады;
Бұрын судья қызметін атқарған адамдар сондай-ақ судья болған соңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштері туралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны, осы кезенде келіп түскен шағымдар, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, заңдылықты бұзғаны туралы прокурорлардың ұсынымдары туралы мәліметтерді ұсынады. Анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы қойылып, күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс.
Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, заңдылықты бұзғаны туралы прокурорлардың ұсынымдары түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижелері егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып), ескертпе-хаттар мен прокурорлардың ұсынымдарын қарау нәтижелері көрсетілуі қажет.
Кандидаттар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.
Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі мен күні болуы тиіс.
Өтініштер мен көрсетілген құжаттар ағымдағы жылғы 1 маусымға дейінгі (қоса есептегенде) мерзімде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Анықтама үшін телефондар: 8(7172)74-90-37, 74-96-40.