Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

1-ші кезең. ХАБАРЛАНДЫРУ – 2019 жыл

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген соттың төрағасының, сот алқасының төрағасы мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы мен судьясының лауазымдарына кадр резервіне алу туралы өтініштерді қабылдау туралы жариялайды

 

 

Аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген соттың төрағасының, сот алқасының төрағасы мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы мен судьясының лауазымдарына кадр резервіне (бұдан әрі – кадр резерві) алу Аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген соттың төрағасының, сот алқасының төрағасы мен судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы мен судьясының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүргізіледі.

Кадр резервіне «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның біліктілік талаптарына және Қағидаларға сәйкес келетін, судья қызметінде немесе заң мамандығы бойынша қажетті жұмыс өтілі бар, жұмыс көрсеткіштері жақсы, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеті адамдар алынады, оның ішінде:

1)  жұмыс істеп жүрген судьялар;

2)  бұрын судья болып жұмыс істегендер;

3)  судья болып табылмайтын адамдар.

Кадр резервін мынадай лауазымдар бойынша қалыптастырады:

1) аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасы;

2) облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы;

3) облыстық соттың сот алқасының төрағасы;

4) облыстық соттың төрағасы;

5) Жоғарғы Соттың судьясы;

6) Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы.

Кадр резервіне тұруға мыналар құқылы:

1) аудандық сот төрағасының лауазымына – судьялар немесе судьялық қызметте кемінде бес жыл өтілі, тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеттері бар адамдар;

2) облыстық сот судьясының лауазымына – судьялар немесе заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар немесе судьялық қызметте кемінде бес жыл өтілі, тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз адамдар;

3) облыстық соттың сот алқасының төрағасы мен төрағасының лауазымына – судьялар немесе судьялық қызметте кемінде он жыл өтілі, тиісті біліктілігі бар, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеттері бар адамдар;

4) Жоғарғы Сот судьясының лауазымына – судьялар немесе заңгерлік кәсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде он жылы судьялық, оның бес жылы облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі, тиісті біліктілігі бар, беделі мінсіз адамдар;

5) Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – Жоғарғы Сот судьялары.

Кадр резервіне тұруға ниет білдірген адамдар өзі резервке тұруды қалайтын лауазымды көрсетіп, Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияға өтініш береді. Бұл ретте, кадр резерві лауазым санатына қарай төменде көрсетілген тәртіп бойынша қалыптастырылатынын ескерген жөн:

1)  Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – әрбір алқа (азаматтық, қылмыстық, мамандандырылған) бойынша бөлек;

2)  Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына – бірыңғай резерв, маманданымына байланысты емес;

3)  облыстық сот төрағасының лауазымына – бірыңғай резерв, облыстық соттың орналасқан жеріне байланысты емес;

4)  облыстық соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – әрбір алқа (азаматтық, қылмыстық) бойынша бөлек;

5)  облыстық сот судьясының қызметіне – әрбір облыстық сот бойынша бөлек резерв;

6)  аудандық сот төрағасының лауазымына – әрбір аудандық сот бойынша бөлек резерв. Бір адамның бірнеше аудандық соттарға, барлық аудандық соттарға, нақты бір облыстағы аудандық соттарға, облыс орталықтарында орналасқан аудандық соттарға, белгілі бір маманданым бойынша соттарға (экокномикалық, әкімшілік және т.б.) резервте болуына рұқсат етіледі.

Кадр резервіне алу туралы өтініш білдірген адамдар, жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отырып, соттардың атауы мен маманданымын, сонымен қатар, өздері жұмыс істеуді қалайтын республика өңірлерін көрсетеді.

Тиісті білімдері болған жағдайда, бір адам бірнеше санаттар бойынша (мысалы, азаматтық және қылмыстық алқа төрағаларының лауазымдарына) немесе бірненше облыстар бойынша резервте тұра алады.

Жұмыс істеп жүрген судьялар өтінішке соңғы үш жыл ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, заңдылықты бұзғаны туралы прокурорлардың ұсынымдары туралы мәліметтерді ұсынады. Анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы қойылып, күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс.

Егер кандидат тәртіптік жауапкершілікке тартылған болса не оған қатысты жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары мен заңдылықты бұзғаны туралы прокурорлардың ұсынымдары түскен жағдайда, онда тәртіптік жауапкершілікке тарту негіздері, жаза қолданылған күні мен оның түрі, ескертпе-хаттар мен прокурорлардың ұсынымдарын қарау нәтижелері көрсетілуі қажет.

Жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылмайтын адамдар өтінішке мынадай құжаттарды қоса беруге тиіс:

1) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолымен толтырылады.

Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі. Болған жағдайда заң мамандығы бойынша орта арнаулы білімін міндетті түрде көрсету қажет.

Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында оқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі. Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқан орындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезінде қолданылған атауын пайдалану қажет. Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.

Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.

Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.

«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағаны толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін  көрсету қажет;

2) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.

Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;

Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;

3) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;

4) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері. Болған кезде – сондай-ақ орта арнаулы заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Қосымша (арнаулы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Мамандандырылған соттың судьясы немесе төрағасы бос орындарына конкурсқа қатысқан жағдайда тиісті қосымша (арнайы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірмесі.

Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі куәландырған нақты лауазымдары көрсетілген анықтама ұсыну қажет.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтарынан үзінділер ұсынады;

Бұрын судья қызметін атқарған адамдар сондай-ақ соңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштері туралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны, осы кезенде келіп түскен шағымдар, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, заңдылықты бұзғаны туралы прокурорлардың ұсынымдары туралы мәліметтерді ұсынады. Анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы қойылып, күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс.

Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, заңдылықты бұзғаны туралы прокурорлардың ұсынымдары түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижелері егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып), ескертпе-хаттар мен прокурорлардың ұсынымдарын қарау нәтижелері көрсетілуі қажет.

Кандидаттар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.

Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі мен күні болуы тиіс.

Жоғары Сот Кеңесі 2018 жылы 21 желтоқсанда және 2019 жылы
8 сәуірде жариялаған судьялардың бос орындарына жариялаған конкурстарға қатысатын адамдар жоғары және басқарушы судяь лауазымдарына резервке тұруға ниет білдірген жағдайда тиісті өтініш қана береді.

Өтініштер мен көрсетілген құжаттар 2019 жылғы 15 шілдеге дейінгі (қоса есептегенде) мерзімде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.

 

Анықтама үшін телефондар: 8(7172)74-90-37, 74-96-40.

Дата публикации
11 ноября 2020
Дата обновления
11 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы