
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қарастырылған жұмыс нәтижелері туралы
АҚПАРАТ
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Жоғары Сот Кеңесінің және оның Аппараты қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген Сот жюриі туралы Ереже (бұдан әрі – Сот жюриі туралы ереже), Жоғары Сот Кеңесінің регламенті құқықтық негіз болып табылады.
Барлығы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖСК Аппаратына 653 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түскен, ол өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 39,5%-ға жоғары. Өтініштердің айтарлықтай өсуі, ең алдымен, Сот Жюриін 2019 жылдың мамыр айынан бастап Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берумен байланысты.
Негізгі үлесті жеке тәртіппен жүгінген азаматтардың шағымдары құрайды – 488 немесе 74,7%. Өтініштердің аз бөлігі заңды тұлғалардан (58 немесе 8,9%), адвокаттардан және өзге де өкілдерден (61 немесе 9,4%) келіп түскен.
Жоғары Сот Кеңесі қызметінің ерекшелігі ол өтініш берушілердің жеке санатын бөлуге мүмкіндік береді – судьялар (жұмыс істеп жүрген және өз өкілеттіктерін тоқтатқан) және судьялыққа кандидаттар, олардың өтініштерінің үлесі өтініштердің жалпы санының 6,7%-ын құрады (немесе 44 өтініш).


Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану ең өзекті мәселе болып қалатынын қаралып отырған кезеңдегі өтініштердің мазмұнынан жасалған талдау көрсетті. Осы санаттағы өтініштердің үлесі 89,3% немесе 583 өтінішті құрады. Арызданушылардың өтініштерінде негізінен сот актілерімен келіспеушілік (49,3%), істерді қарау кезіндегі процессуалдық бұзушылықтар (34,3%) және судьялардың Судья әдебі кодексін сақтамау (7%) мәселелері көтеріледі. Шағымдардың 9,4%-ы өзге мәселелерден басқа Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының және облыстық соттардың бұрын берілген шағымдарға қайтарылған жауаптарымен келіспеуіне байланысты, БАҚ-тың ақпаратты сұрауымен, арызданушылардың сотта істің қаралуына бақылау орнатуға қатысты болып келеді.

Қарау қорытындысы бойынша 398 (68,3%) өтініш Сот жюриі туралы Ереженің 24-тармағына сәйкес тексеріс жүргізу үшін облыстық соттарға, судья әдебі жөніндегі комиссияларға және Жоғарғы Сотқа жолданған. 96 өтініш бойынша (16,5%), биліктің конституциялық бөліну принципіне сәйкес, сот төрелігін іске асыру процесіне араласуға жол берілмейтіндігі және сот актілерін қайта қарастырудың жеке тәртібі туралы түсініктемелер берілді. 86 (14,7%) өтініш құзыреті бойынша қарау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберілді. 2 өтініш бойынша (0,3%) қарау өтініш берушінің өтінішіхаты бойынша және қайта өтініште жаңа уәждердің болмауына байланысты тоқтатылды. 1 шағым қараусыз қалды, өйткені онда мәселенің мәні баяндалмаған (0,2%).

Өтініштердің бір бөлігі судья лауазымына конкурстық іріктеумен (35 өтініш немесе 5,3%) және біліктілік емтиханын тапсырумен (4 өтініш немесе 0,6%) байланысты. Осы өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 32 өтініш бойынша, үміткерлерді конкурстық іріктеу кезінде өтініш берушілердің уәждерін есепке алу туралы жазбаша түсініктемелер берілді. 2 өтініш құзыреті бойынша қарау үшін Жоғарғы Сотқа жолданды. 7 өтінішті қарау олардың иесi бүркемеленген өтiнiш болуына байланысты (2 өтініш) мен өтініш берушілердің оларды кері қайтарып алу тәртібіне байланысты (5 өтініш) тоқтатылды.
Есептік кезеңде:
- тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы Сот жюриінің шешімдерімен келіспеу туралы судьялардың 11 өтініш (1,7%);
- судьялардың кәсіби қызметін бағалау мәселелері бойынша 5 өтініш (0,8%);
- Мемлекет басшысының судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім беруі туралы мәселені шешу үшін Кеңес қабылдаған қорытындыға қатысты 4 өтініш (0,6%), оның ішінде 2 – қайталама;
- отставкаға кету құқығын қалпына келтіру және алу мәселесі бойынша 3 өтініш (0,5%);
- аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы, сот алқаларының төрағалары мен судьясы, Жоғарғы Соттың судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервіне қоюға байланысты 2 өтініш (0,3%);
- судья лауазымын қалпына келтіру туралы 2 өтініш (0,3%);
- қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру туралы 2 сұрау (0,3%) және заңнаманы жетілдіру бойынша 2 ұсыныс (0,3%) келіп түсті.
Жоғары Сот Кеңесінің және оның Аппаратының есеп беру кезеңінде өтініштерге жүргізілген талдауға сәйкес, өз сипаты бойынша өтініштердің көп бөлігі судьялардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасаумен байланысты екенін көрсетеді, оларды шешу іс жүргізу құқығымен белгіленген ережелер бойынша сот істерін қайта қарау арқылы тиісті соттардың құзыретіне жататындығы көрінеді.