Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің қызметі туралы Анықтамалық ақпарат

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Сот жюриінің 3 отырысы өткізілді, 28 судьяға қатысты 28 тәртіптік іс қаралды.

Олардың нәтижесі бойынша аудандық және оған теңестірілген соттырадың 16 судьясы (72,7 %), аудандық және оған теңестірілген соттардың 6 төрағасы (27.3 %) тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте жазаның келесі түрлері қолданылды:

- ескерту – 9 (40,9 %);

- сөгіс – 9 (40,9 %);

- судья қызметінен босату – 4 (18,2 %).

Судьялардың тәртіптік жауапкершіліктерінің негіздері:

1) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу – 20 судья (90,9 %);

2) судья әдебі нормаларын бұзу – 2 судья (9,1 %).

Сонымен қатар, 6 тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша (қаралған істердің жалпы санының 21,4 %-ы) мынадай негіздер бойынша тоқтатылды:

1) судьяның іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауы – 3;

2) судьяға қатысты тәртіптік істі қарау мерзімінің өтуі – 2;

3) жасалған тәртіптік теріс қылық маңыздылығының аздығы (судьяның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ауызша мін тағу) – 1.

 

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Сот жюриінің 3 отырысы өткізілді, онда 19 судьяға қатысты 19 тәртіптік іс және тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу туралы 2 материал қаралды.

Қорытынды бойынша 16 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде аудандық және оған теңестірілген соттардың 15 судьясы (93,75%) және  аудандық соттың 1 төрағасы (6,25%).

Бұл ретте жазаның мынадай түрлері қолданылды:

  • ескерту–7 (43,75%);
  • сөгіс– 5 (31,25%);
  • судья қызметінен босату – 4 (25%).

 

Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартудың негіздері:

1)сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны – 13 судья (81,25)%);

2)судья этикасын бұзғаны – 3 судья (18,75%).

Сонымен қатар, 3 судьяға қатысты тәртіптік істер өндірістен қысқартылды (қаралған істердің жалпы санының 15,8% - ы), оның ішінде:

1) судьяның әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты – 1;

2) судьяға қатысты тәртіптік істі қарау мерзімінің өтуіне байланысты – 1;

3) жасалған тәртіптік теріс қылықтың теріс құқықтық салдары болмауына байланысты (судьяның іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ауызша мін тағу) – 1.

Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы 2 судьяға қатысты мәселе қарастырылды (1 жаза мерзімінен бұрын алынды, жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы 1 өтінішхат қанағаттандырылусыз қалдырылды).

 

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
18 августа 2020
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы