Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Жаңғыртылатын судья лауазымына біліктілік емтиханы кезеңдерінің мазмұны

Жаңғыртылатын судья лауазымына
біліктілік емтиханы кезеңдерінің мазмұны
(Жоғары Сот Кеңесінің 2018 жылғы 6 маусымдағы отырысында мақұлданды)
 
Судьялыққа кандидаттарды психологиялық тестілеуі
Психологиялық тестілеу кандидаттың эссе жазуының және заң білімдерін тексерудің алдында өткізледі.
Психологиялық тестілеуден өткізу мақсаты:
1) кандидатта судья ретінде жұмыс істеуі үшін қажетті жеке-психологиялық ерекшеліктердің болуын (әділдік, адалдық, бейтараптық, ойлау, есте сақтау, қабылдау, назар аудару қасиеттері, коммуникативтік дағдылар);
2) судья лауазымында жұмыс істеуіне кедергі келтіретін факторлардың болуын (стреске орнықтылығының төмен болуы, жанжалдасуға, суицидке бейімділігі, тәуелділіктерінің болуы және т.б.) айқындау.
 
Психологиялық тестілеуден өту тәртібі.
Судьялыққа кандидаттар психологиялық тестілеуді облыстық соттардың ғимараттарында өтеді.
Кандидат психологиялық тестілеуден өтуге екі рет келмеген жағдайда біліктілік емтиханын тапсырмаған болып есептеліп, оны қайтадан өтуге бір жылдан кейін ғана жіберіледі.
Психологиялық тестілеудің қорытындылары бойынша кандидаттар екі кезеңді тәртіп шеңберінде бағаланады.
Бірінші кезең – ең төмен шекті мәнді жинамаған адамдарды анықтау. Ондай адамдар екінші кезеңде бағалануға жататын адамдардың есебінен автоматты түрде шығарылады.
Екінші кезең – ең төменгі шектен өткен адамдардың психологиялық портретін таратып жазу (сарапшы-психологтар жасайды). Оның нәтижелері бойынша судья жұмысын атқару үшін қажетті психологиялық қасиеттері бойынша шекті мәндер ескеріліп, кандидаттың психологиялық тестілеуден өткені немесе өтпегені туралы қорытынды беріледі.
Білікітілік емтиханының келесі кезеңдеріне психологиялық тестілеуден өткен адамдар ғана жіберіледі.
Психологиялық тестілеуден өтпеген адамдар оны қайтадан өтуге бір жылдан кейін ғана жіберіледі.   
 
Жазбаша эссе
Халықаралық практикада (мысалы, Испанияда, Францияда және Оңтүстік Кореяда) жазбаша эссе кандидат интеллектінің деңгейін және сауаттылығының жалпы деңгейін, өзінің ойлары мен пікірін стилистикалық және логикалық жағынан дұрыс баяндау қабілетін, сондай-ақ оның судья болып жұмыс істеуіне уәждемесін тексеру құралы ретінде кеңінен қолданылады.
Осыған орай жазбаша эссені судья лауазымына біліктілік емтиханының бір кезеңі ретінде енгізу ұсынылады.
Эссе – бұл еркін нысанда жазылатын қысқаша очерк-пікір. Эсседе нақты жағдай немесе мәселе бойынша адамның жеке әсері (қаблыдауы) мен пікірі білдіріледі және ол тақырыпты толығымен түбегейлі түсіндіруді білдірмейді. Эссе адамның дербес шығармашылық ойлау деңгейін, ақпаратты құрылымдау, себеп-салдарлық байланыстарды айқындау, өз тұрырымдарын дәлелдеу білуін көрсетеді.
Судьялыққа кандидаттар үшін ұсынылған тақырып (құқықтық сипатта) бойынша эссе жазуды енгізу ұсынылады. Эсседе ашуға ұсынылатын үлгілік сұрақтардың тізбесі Кеңестің интернет-ресурсында алдын ала орналастырылатын болады.
Тақырыптың атауын Біліктілік комиссиясының әрбір отырысы алдында белгілеу ұсынылады.
Ұсынылған тақырып бойынша эссе:
1) сыни ойлау дағдыларын;
2) тақырып саласын стратегиялық және кәсіби түсінуін;
3) академиялық жазба талаптарына сәйкестігін, оның ішінде баяндау сауаттылығын айқындауға мүмкіндік береді.
Эссе көлемі 500 сөзден аспауға тиіс. Эссе компьютерде терілуге тиіс.
 
Эссені бағалау әдістемесі
Эссені 7 критерий бойынша бағалау ұсынылады:
1) ұсынылған құқықтық тақырып бойынша проблемалық мәселелерді айқындау және талдау білу;
2) ойлаудың сыншылдығы және креативтілігі;
3) өз пікірін дәлелдеу және растау білу;
4) тұжырымдарының негізділігі;
5) проблеманы шешудің практикалық және іске асыру жолдарын айқындау;
6) мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу, құқықтық сауаттылығы, заңнамаға сілтемелер; 
7) грамматика және лексика.
Ең жоғары баға – 5 балл. Бұл ретте 7 критерийдің әрқайсысы бойынша ең жоғары сома мынадай:
1) 1 балл – егер критерий толық ашылса (№ 1), 3) және 6) критерийлерге қатысты);
2) 0,5 балл – егер критерий толық ашылса (қалған критерийлерге қатысты);
3) 0,25 балл – егер критерий ішінара ашылса;
4) 0 балл – егер критерий ашылмаса.
Эссе ойдағыдай жазылды деп есептеу үшін шекті мән – 3,5 балл.
Бұл ретте бірінші кезеңде (эссені біліктілік емтиханының міндетті кезеңі ретінде көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданғанға дейін) эссенің нәтижелері ұсынымдық сипатта болады.
Объективтілікті арттыру үшін эссені бағалауды Біліктілік комиссиясы емес, академиялық қауымдастықтан сарапшылардың жүргізуі ұсынылады.  Эссені жазған кандидат туралы ақпарат штрих-код арқылы шифрланатын болады.
 
Судьялыққа кандидаттардың компьютерлік тестілеуден өту
1. Білуі компьютерлік тестілеу шеңберінде тексерілетін құқық салаларының тізбесін кеңейту ұсынылады.  
Қазіргі уақытта тест құқықтың 6 саласын қамтиды (конституциялық, азаматтық және азаматтық процесстік, қылмыстық және қылмыстық процесстік, әкімшілік-деликтілік құқық және процесс).
Құқық салаларының санын жер, отбасы, еңбек құқығы, сондай-ақ салық және экологиялық заңнама негіздері есебінен 11-ге дейін көбейту ұсынылады.
2. Құқық салалары санының көбейтілетінін ескеріп, тест сұрақтарын едәуір және егжей-тегжей қайта құрастырып, толықтыру қажет.
Атап айтқанда, олардың мазмұны кандидаттың әрбір құқық саласының іргелі принциптерінбілуін, жеке мәселелерді нақтыламай (мысалы, айыппұл мерзімдері, мөлшері),айқындауға мүмкіндік беруге тиіс.
Бұл ретте сұрақтар жалпы теориялық болмауға, олар заңнама нормаларынан туындауға тиіс.
Осындай тәсілдер судьялыққа кандидат дайындығының жалпы құқықтық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
3. Заңнаманы білуіне компьютерлік тестілеуді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Ұлттық тестілеу орталығында өткізу көзделеді.
4. Тестілеу нәтижелеріне шағымдану тәртібін көздеу ұсынылады.
Тестілеуден өтпеген барлық кандидаттардың негізсіз шағымдануы жағдайларына жол бермеу үшін, кандидаттың тест сұрағының немесе оған жауаптың дұрыс еместігіне тестілеудің қорытындылары бойынша емес, ал тестілеу кезінде ғана назар аудартып, ондай мәселе туралы Кеңес аппаратының жауапты қызметкеріне хабарлау тәртібін көздеу ұсынылады.
Шағымдарды қараумен бөлек комиссия айналысуға тиіс. Мысалы, ол комиссия Кеңестің тұрақты мүшелерінен, Сот төрелігі академиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Құқық қорғау академиясы өкілдерінен тұратын болады.
Бұл ретте, шағымдар емтиханның соңғы күні қаралуға тиіс.
 
Кейс тапсырмаларын шешу бойынша емтихан
1. Билеттерде 3 базалық құқық салалары бойынша кейс тапсырмалары қамтылуға тиіс. Бұл ретте, тапсырмалар кандидаттың материалдық және процестік, жеке және жария құқықты білуі деңгейін кешенді түрде айқындауға тиіс.
2. Кейс тапсырмаларын шешуді, сондай-ақ компьютерлік тестілеуді көмекші әдебиет пен кодекстерді пайдаланусыз өткізу ұсынылады.
3. Әрбір тапсырмада кандидаттың мынадай ептіліктерін айқындайтын 5 топ сұрақтар қамтылуға тиіс:
1) құқықтық жағдайды құқықтық емес жағдайдан ажырата білу (яғни бұл мәселені құқық реттей ме немесе реттемей ме);
2) заңнаманы қолданы білу (нақты жағдайда қай құқық нормалары қолданылуға тиіс);
3) нақты жағдайға қатысты заң терминологиясын қолдана білу (нақты құқықтық жағдайды талдаған кезде қолдана білу қажет терминдер);
4) құқықтық жағдайды талдау және бағалау (құқық нормаларының сақталғаны немесе бұзылғаны, құқық қатынастарға қатысушылардың әрекеттерін (әрекетсіздігін) бағалау – кімдікі дұрыс және неліктен, кім кінәлі және неліктен);
5) нақты жағдай бойынша сапалы қорытынды жауап дайындау, жауабында құқықтық баға ғана емес, сондай-ақ нақты жағдайды шешудің оңтайлы тәсілдері берілуге тиіс.
4. Жоғарыда көрсетілген 5 блоктың әрқайсысы бойынша 5 балдық шкала бойынша (әр блокқа 1 балдан) баға қойылады.
Мынадай әдістемені негізге алу ұсынылады:
1) егер сұрақ толық ашылса – 1 балл;
2) егер сұрақ ішінара ашылса – 0,5 балл;
3) егер сұрақ ашылмаса – 0 балл.
Кемінде 4 балл алған кандидаттар ауызша емтиханнан өтті деп есептелетін болады.
5. Кейстерді шешуді баспа тәсілімен (компьютерде теру арқылы) ресімдеу, одан кейін ол бойынша Біліктілік комиссиясының мүшелері алдында ауызша жауап беру ұсынылады.
Жазбаша жауап кандидаттың жеке ісінде сақталады, ол емтихан нәтижелеріне шағымданған жағдайда пайдаланылады.
6. Кейс тапсырмалары басылған билеттерін 3 нұсқада құрастыру ұсынылады (әрқайсысында 50 билеттен). Билеттер нұсқасын кандидаттар әр отырыстың алдында ұсынылатын 3 нұсқадан кездейсоқ әдіс арқылы таңдайды.
Бұдан басқа, кандидаттың кейс тапсырмалары бойынша жауабын тыңдау шеңберінде оған біліктілік емтиханының 1-ші кезеңінде жазған эссе бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.  
Бұл ретте компьютерлік тестілеу сұрақтары мен кейс тапсырмаларын Біліктілік комиссиясының құрамына кірмейтін адамдар құрастыратын болады.
 
Ұсынылған тәсілдердің жүзеге асырылуы:
1) кандидаттың теориялық білімінің жалпы деңгейін және оларды практикада қолдану қабілетін, онда құзыреттілік дағдыларының болуын кешенді тексеруге;
2) біліктілік емтиханының объективтілі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Дата публикации
06 июня 2018
Дата обновления
06 июня 2018
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы