Судья лауазымына кандидаттардың
тағлымдамадан өтуінің жаңа механизмі
(Жоғары Сот Кеңесінің 2018 жылғы 6 маусымдағы отырысында мақұлданды)
Тағылымдамадан өту үшін орындар бөлу, тағылымдамашыларды іріктеу, тағылымдама нәтижелерін бағалау механизмінің объективтілігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ тағылымдама сапасын көтеру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады.
Біріншіден:
1) тағылымдамадан өту үшін орындар бөлу;
2) тағылымдамашыларды іріктеу;
3) тағылымдама нәтижелерін бағалау мәселелері ортақтандырылады.
Бұл функциялар өңірлер деңгейінен орталық деңгейге берілетін болады.
Бұл үшін Жоғарғы Сот пен Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының бірлескен шешімімен Жоғарғы Сот судьялары мен Жоғары Сот Кеңесінің тұрақты мүшелері арасынан бірлескен комиссия құрылатын болады.
Комиссия Жоғарғы Сот Төрағасына өңірлер арасында тағылымдамадан өту орындарын бөлу (сараптама қажеттіліктері негізінде), сондай-ақ оларды жедел қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізетін болады. Бұл ретте қорытынды бөлуді Жоғарғы Соттың Төрағасы бекітеді.
Бұдан басқа, комиссия тағылымдамашыларды іріктеуді жүзеге асырады, сондай-ақ тағылымдама нәтижелерін қорытынды бағалауды жүргізеді. Бұл ретте, тағылымдама нәтижелерін қорытынды бағалау, қажет болған кезде, тағылымдамашымен әңгімелесу арқылы өткізілетін болады.
Екіншіден, тағылымдамашыларды екі кезеңдік іріктеу тәртібін енгізу ұсынылады.
Бірінші кезең – цифрлық критерийлер негізінде тағылымдамашы-кандидаттарды автоматты түрде іріктеу. Ол критерийлер:
1) емтиханды тапсыру нәтижесі;
2) диплом бойынша орташа баға;
3) ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы;
4) арнайы жоғары білімінің болуы;
5) құқық магистрі дәрежесінің болуы;
6) арнайы жұмыс өтілі (сот отырысының хатшысы, прокурор, адвокат);
7) заңгерлік өтіл.
Екінші кезең – бағалау критерийлері бойынша Жоғарғы Сот пен Жоғары Сот Кеңесінің бірлескен комиссиясы іріктейді.
Бұл кезеңде психотест пен полиграф нәтижелері, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мен басқа да әшкерелейтін мәліметтердің болуы туралы ақпарат қаралады.
Яғни, тағылымдамашыларды іріктеу кезінде судьялыққа кандидаттарды іріктеуге ұқсас тәртіп көзделеді.
Үшіншіден, мына төменде көрсетілгендер арқылы тағылымдамадан өту сапасын арттыру көзделеді:
1) тағылымдаманы аралық бағалауды – тағылымдама үйлестірушісінің (тоқсан қортындылары бойынша) және облыстық сот жалпы отырысының
(6 ай қорытындылары бойынша) бағалауын енгізу. Бұдан басқа, тағылымдама нәтижелерін Жоғарғы Сот пен Жоғары Сот Кеңесі бірлескен комиссиясының қорытынды қарауының алдында тағылымдамашы-кандидаттың тағылымдамадан өту қорытындылары бойынша алған құзыреттері мен практикалық дағдыларының деңгейін тексеруді Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы жүргізеді;
2) тағылымдаманы міндетті түрде әртүрлі мамандандырулар бойынша өту (яғни, бір уақытта азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша);
3) тағылымдама үйлестірушілері мен басшыларына, тағылымдама өтуді ұйымдастыратын аудандық сот төрағаларына ынталандыру шараларын қолдану, оның ішінде:
үстемеақы белгілеу (тағылымдама басшылары үшін);
істерді қарау бойынша жүктемесін 30%-ға азайту (тағылымдама басшылары үшін);
жоғары тұрған судья лауазымдарына конкурсқа қатысқан кезде тағылымдаманы ұйымдастыру сапасын есепке алу (аудандық соттар төрағалары үшін);
4) тағылымдамашы-кандидаттарға ынталандыру шараларын қолдану, оның ішінде:
тағылымдаман өту кезеңінің судьялық лаузымға конкурсқа қатысу кезінде есепке алынатын заңгерлік және арнайы өтілге қосылуы;
тағылымдамашының тағылымдаманы бастағанға дейін жұмыс істеген құқық қорғау органдары мен басқа да ұйымдарда еңбек сіңірген өтілінің сақталуы;
5) облыстық соттың жалпы отырысында тағылымдама қорытындыларын талқылау кезінде міндетті жасырын дауыс беру.
Төртіншіден, тағылымдамашы-кандидаттарды іріктеу рәсімінің ашықтығын барынша арттыру (Жоғарғы Сот пен Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурстарына ақпарат орналастыру арқылы), сондай-ақ кандидаттың тағылымдамадан өту үшін құжаттар тапсыру тәртібін жеңілдету (электрондық түрде арыз бен электронды базалардан алу мүмкін болмайтын құжаттар ғана беріледі).
Бесіншіден, комиссия кандидатты тағылымдамадан өтуге жіберу туралы мәселені қараған кезде полиграфологиялық зерттеу нәтижелерін ескеретін болады. Бұл қаражаттың тиімсіз қолданылуы жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, адамды тағылымдаманы қайтадан өтуге жіберу (алдыңғы тағылымдаманы өту қорытындысы теріс болған жағдайда) мерзімін екі жылдан бір жылға дейін қысқарту көзделеді.
Алтыншыдан, Жоғарғы Сот пен Жоғары Сот Кеңесінің бірлескен комиссиясының тағылымдама қорытындылары туралы шешімдеріне апелляциалық шағымдану институты енгізіледі.
Осы мақсаттта Жоғарғы Соттың екі өкілі мен Жоғары Сот Кеңесінің бір өкілінен тұратын апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері бір уақытта Жоғарғы Сот пен Жоғары Сот Кеңесінің бірлескен комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Ұсынылап отырған шаралар:
1) тағылымдамадан өту үшін орындар бөлу мен тағылымдамашыларды іріктеудің объективтілігі мен ашықтығын;
2) тағылымдамашылар, сондай-ақ тағылымдама басшылары ынталандыру шараларын белгілеу есебінен, тағылымдамадан өту сапасын;
3) болашақ судьялыққа кандидаттарды дайындау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.