Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Судья лауазымына біліктілік емтиханын өткізудің жаңа тәртібінің негізгі параметрлері

Судья лауазымына біліктілік емтиханын өткізудің
жаңа тәртібінің негізгі параметрлері
(Жоғары Сот Кеңесінің 2018 жылғы 18 мамырдағы отырысында мақұлданды)
 
 
Емтиханды өткізу тәсілдерін түбегейлі өзгерту ұсынылады. Емтихан кандидаттың психологиялық қасиеттерін зерделеуден басталады, содан кейін ғана оның кәсіби дайындығы бағалануға тиіс.
Бірінші кезеңде судьялыққа кандидаттардың психологиялық тестілеуден өтуі және қандай да бір тақырыпта жазбаша мазмұндау (эссе) жазуы ұсынылады.
Психологиялық тестілеу қажетті психологиялық дағдылары (күйзеліске төзімділігі, қақтығыстарға жол бермеуі, адамдармен жұмыс істей білуі, тәуелділіктерінің болмауы және т.б.) жоқ кандидаттарды судьялыққа жібермеуге мүмкіндік береді. Психологиялық тестілеуден өтуге қойылатын талаптарды күшейтіп, оның мазмұнын күрделілеу көзделеді. Бұл ретте, судьялыққа кандидаттың моральдық-психологиялық қасиеттері мен дағдыларын сипаттайтын тестінің шекті мәндері қарастырылатын болады.
Жазбаша эссе кандидаттың интеллектінің деңгейін және сауаттылығының жалпы деңгейін, өзінің ойлары мен пайымдарын сауатты және логикалық тұрғыдан дұрыс жеткізу қабілетін, сондай-ақ оның уәждемесін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Судьялыққа кандидаттарды іріктеу кезінде эссені қолдану практикасы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше көптеген мемлекеттерде қолданылады.
Эссе де бағаланатын болады, алайда қазіргі уақытта ол заңнамада көзделмегендіктен, оның нәтижелері ұсыным сипатында болады.
Келесі кезеңге психологиялық тестілеудің белгілі бір шегінен ойдағыдай өткен адамдар ғана жіберілетін болады.
Екінші кезеңде (бірінші кезең аяқталғаннан кейін бірнеше күн өтіп, психологиялық тестілеу мен эссенің нәтижелері алынғаннан кейін) кандидатқа Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру үшін компьютерлік тестілеуден өту ұсынылады.
Компьютерлік тестілеудің тестілік сұрақтары қиындатылып, өзектендіріледі.
Олардан сәтті өткен жағдайда адам үшінші кезеңге жіберіледі.
Үшінші кезеңде емтихан билеттері бойынша кейстік тапсырмаларды шешу керек болады.
Кандидат жазбаша жауапты компьютерде дайындап, одан кейін Комиссия алдында ауызша жауап беретін болады. Бұл ретте, Комиссия мүшелері ауызша әңгімелесу шеңберінде кандидатқа оның осыдан бұрын жазған эссесінің мазмұны бойынша да сұрақтар қоя алады.
Кезеңдердің мазмұны күрделеленіп, қосымша бағалауды талап ететіндіктен, бірінші және екінші кезеңдер арасында 10-15 күн уақыт берілетін болады.
Біліктілік емтиханын өткізудің жаңа тәртібінің негізгі параметрлері қазіргі уақытта жүргізіліп отырған біліктілік емтиханының жаңартылған нұсқасының негізіне алынатын болады.
Дата публикации
18 мая 2018
Дата обновления
18 мая 2018
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы