Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі 2024 жылғы 26 ақпандағы конкурс шеңберінде аудандық сот судьяларының жаңа бос жұмыс орындары туралы қосымша хабарландыру орналастырады

Жоғары Сот Кеңесі Регламентінің 53-тармағына сәйкес облыстық соттар алқалары төрағалары мен судьялары, аудандық соттар төрағалары лауазымдарына конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін аудандық соттар судьяларының жаңа бос орындарының пайда болуы туралы қосымша хабарландыру орналастырылады.

Бұрын осы конкурсқа жіберілген үміткерлер, кемінде 5 жұмыс күні ішінде Жоғары Сот Кеңесіне конкурс жарияланған кезде болмаған жаңа лауазымдармен бастапқыда берген өтініштерін кеңейтуге ниет білдіргені туралы қосымша өтініш жібере алады.

Осыған байланысты, бұрын 2024 жылғы 26 ақпандағы конкурсқа жіберілген тұлғалар 2024 жылдың 5 шілдесін қоса алғанда Жоғары Сот Кеңесіне жаңа бос судьялық лауазымдарға өтініш беруге құқылы.

Бұл конкурс бұрын 2024 жылғы 26 ақпандағы конкурсқа жіберілген адамдарға ғана арналған және басқа адамдар оған қатыса алмайды.

Конкурсқа қатысу үшін 2024 жылы 5 шілдесін қоса алғанда Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының атына қолы мен күні қойылған қосымша өтініш ұсыну жеткілікті.

Қосымша өтініш Жоғары Сот Кеңесінің konkurs@vss.gov.kz электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс, өтініштің түпнұсқасы келесі мекенжайға жіберілу тиіс: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.

Анықтама үшін телефондар: 8(7172) 74-96-47, 75-03-09.

Барлығы: 105 бос лауазым.

Аудандық соттар судьяларының жаңадан ашылған бос лауазымдарының тізбесі (өту).

Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесі

Дата публикации
01 июля 2024
Дата обновления
01 июля 2024
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы