Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы 28 ақпандағы жарияланған конкурс

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды

 

Барлығы: 119 бос орын
Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының бос орындары – 5;
облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 15,
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 46,
аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 53.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының:
- 29-бабының 1-тармағында - аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін;
- 29-бабының 4-тармағында - облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін;
- 30-бабының 4-тармағында - аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары үшін көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.
Конституциялық заңының мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132

Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі:
1. Судья лауазымдарына алғаш рет және қайта түсетін адамдар үшін (өту)
2. Жұмыс істейтін судьялар үшін (өту)
Барлық ұсынылған құжаттар өзекті ақпараттан тұруы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс.
Құжаттар кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуы тиіс.

Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кері қайтарылады.
Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды бергеннен кейін өзгерсе, онда олар 1 күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жаза алу, лауазымның өзгеруі, өзіне немесе жақын туысқандарына қылмыстық іс қозғау және т.б.) ұсынуы тиіс.

Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар 2020 жылғы 28 наурызға дейін қоса алғанда мына
мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, подъезд № 1В, Жоғарғы Сот Кеңесі.

Қосымша мәліметтер
Конкурстың қорытындысы туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).
Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 75-03-09, 75-16-36, 74-91-03.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларының бос орындары:

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:
облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының  лауазымдарына:
Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Нұр-Сұлтан қалалық соты – 2 бос орын;
Есіл аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Сарыарқа аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот - 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
«Байқоңыр» аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Алматы қаласы бойынша:
облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Медеу ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы қалалық соты – 2 бос орын;
Бостандық аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Медеу аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Бостандық ауданы № 2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық тергеу соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Шымкент қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қаратау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Абай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Ақмола облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Аршалы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Егіндікөл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жарқайың аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Степногор қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Көкшетау қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Ақтөбе облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Алға аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Байғанин аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Алматы облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақсу аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қаратал аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Алакөл ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Райымбек аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы облыстық соты – 1 бос орын;
Жамбыл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Іле аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Атырау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Исатай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Құрманғазы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Атырау облыстық соты – 1 бос орын;
Жылыой аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Исатай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қатонқарағай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Көкпекті аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қатонқарағай ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ұлан ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Шығыс Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;
Үржар ауданы № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Риддер қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Өскемен қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;

Жамбыл облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Бөрлі аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Батыс-Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;
Бөрлі аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жаңақала аудандық соты  (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жәнібек аудандық соты  (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Орал қаласының мамандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Орал қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция)– 1 бос орын;
Орал қалалық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Қарағанды облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақтоғай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
Нұра аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қарқаралы ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
№ 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қарағанды облыстық соты – 2 бос орын;
Абай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Балқаш қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жезқазған қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қаражал қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Сәтпаев қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Қостанай облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Әулиекөл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Федоров аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қостанай облыстық соты – 1 бос орын;
Арқалық қалалық соты (жалпы юрисдикия) – 1 бос орын;
мамандырылған ауданаралық экономикалық соты – 2 бос орын;

Қызылорда облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қызылорда қаласының № 2 сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қармақшы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қызылорда қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;

Маңғыстау облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Маңғыстау облыстық соты – 1 бос орын;
Бейнеу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жаңаөзен қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Мұнайлы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Павлодар облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Железин аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Май аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Павлодар облыстық соты – 2 бос орын;
Павлодар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Павлодар қаласының мамандырылған әкімшілік соты – 3 бос орын;
Екібастұз қаласының мамандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
Павлодар қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақжар аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Айыртау ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Петропавл қаласының № 2 сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
Уәлиханов аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Солтүстік Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;

Түркістан облысы бойынша:
облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Арыс аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жетісай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Сарыағаш аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Сарыағаш ауданының мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;

әскери соттар бойынша:
облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының  лауазымдарына:
Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы – 2 бос орын.

Дата публикации
28 марта 2020
Дата обновления
28 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы