
2019 жылғы 8 сәуірдегі конкурстын өткізілген жоқ деп танылсын Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін екінші кезең конкурс жариялайды
Ақмола облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Егіндікөл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жарқайың аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ақтөбе облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Байғанин аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Алматы облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақсу аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қаратал аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Көксу аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Алакөл ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Үржар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарағанды облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қарқаралы ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
№ 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Қостанай облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Әулиекөл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Федоров аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Маңғыстау облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Бейнеу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын.
Барлығы: аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 11, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 2.
«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 18-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес егер конкурс нәтижесінде ұсынылған бос лауазымдарға кандидаттар іріктеп алынбаса, онда мұндай бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады және судья лауазымдарына конкурсқа қатысқан, бірақ оларға іріктеліп алынбаған кандидаттарға олардың келісуімен, конкурс қорытындылары бойынша толтырылмай қалған басқа судья лауазымдары ұсынылуы мүмкін.
Осыған байланысты 08.04.2019 жылғы конкурсқа қатысқан адамдар және олар жоғарыда көрсетілген конкурс өтпеді деп танылған бос судья лауазымдарына орналасуға өтініш бермегендер Кеңеске тиісті өтініш беруге құқылы.
Бірінші кезең шеңберінде қатысқан лауазымдарға кандидаттар қайта конкурсқа қатысуға жол берілмейді.
Бірінші кезең шеңберінде аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына конкурсқа қатыспаған жұмыс істеп жүрген судьялары, сот төрелігінің Сапасы жөніндегі комиссияның судьянын кәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы шешімін, сондай – ақ кандидаттың ұйымдастырушылық қабілеті туралы мәліметтерді қамтитын бірінші басшының сипаттамасын қосымша ұсынады (басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міңдеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.).
Конкурсқа қатысу үшін қосымша өтініш ұсынады, өтініш Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасының атына жазылады, Кеңестің толық атауы, өтініш берушінің мкенжайы мен байланыс телефондары көрсетіліп, өз қолымен оқу үшін түсінікті жазылады, қолы мен күні қойылады.
Аудандық соттардың судьяларының бос лауазымдарына конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың қосымша өтініші 2020 жылғы 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс v.sovet@vss.gov.kz, өтініштің түпнұсқасын конкурс өткізу орны бойынша мына мекенжайға жіберу керек; 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың қосымша өтініші 2020 жылғы 15 қаңтарға дейін (Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімін қажеттілігіне байланысты) ұсынылуға тиіс.
Анықтама үшін телефондар: 8(7172)74-91-03, 75-16-36, 75-03-09.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі