Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

2019 жылы 8 сәуірдегі жарияланған конкурс

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды:

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
Жоғарғы Сот судьясының лауазымына – 5 бос орын;

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Есіл аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Сарыарқа аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық тергеу соты – 1 бос орын;
«Байқоңыр» аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Алматы қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Жетісу аудандық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Бостандық аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Жетісу аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Бостандық ауданының № 2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Ақмола облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Егіндікөл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жарқайың аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Бурабай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Ерейментау аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;
Степногорск қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Ақтөбе облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Байғанин аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақтөбе қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Ақтөбе қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Алматы облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақсу аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қаратал аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Көксу аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Алакөл ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Еңбекшіқазақ аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Ескелді аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жамбыл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Өскемен қаласы № 2 сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Глубокое аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жарма аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Зырян аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
№ 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот – 1 бос орын;
Өскемен қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;
Үржар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Жамбыл облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қордай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Сарысу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Тараз қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Шу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қаратөбе аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Зеленов ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Орал қалалық сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын; 
Орал қалалық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Қарағанды облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қарқаралы ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
№ 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Балқаш қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жезқазған қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Сәтбаев қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;

Қостанай облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Әулиекөл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Федоров аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;

Қызылорда облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Сырдария аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қызылорда қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот – 1 бос орын;

Маңғыстау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақтау қалалық сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Бейнеу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жаңаөзен қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Павлодар облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот – 1 бос орын;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Аққайың аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Түркістан облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттардың төрағаларының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына:
Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Келес аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Кентау қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы;

әскери соттар бойынша:
облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына:
Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақтөбе гарнизоны әскери соты – 1 бос орын.

Барлығы: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьясының бос орындары – 5, облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқасы төрағаларының бос орындары – 2, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 22, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 46.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 1-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 4-тармағында (облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары үшін), 5-тармағында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары үшін), 30-бабының 4-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары үшін) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш – Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының атына жазылады, Кеңестің толық атауы, өтініш берушінің мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетіліп, өз қолымен оқу үшін түсінікті жазылады, қолы мен күні қойылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініште үміткер судьяның немесе соттың, сот алқасы төрағасының нақты қандай бос лауазымына орналасқысы келетінін және тиісті сот атауын көрсетуі қажет;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолымен толтырылады.
Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі. Болған жағдайда заң мамандығы бойынша орта арнаулы білімін міндетті түрде көрсету қажет.
Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында оқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі. Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқан орындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезінде қолданылған атауын пайдалану қажет. Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.
«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағаны толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін  көрсету қажет;
Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.
Жұмыс істеп жүрген судьялар кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақтың орнына тиісті Сот әкімшісінің кадр қызметі жасап, куәландырған объективка-анықтамасын ұсынады.
3) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.
Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;
Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;
4) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;
5) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері. Болған кезде – сондай-ақ орта арнаулы заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Қосымша (арнаулы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Мамандандырылған соттың судьясы немесе төрағасы бос орындарына конкурсқа қатысқан жағдайда тиісті қосымша (арнайы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірмесі.
Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі куәландырған нақты лауазымдары көрсетілген анықтама ұсыну қажет.
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтарынан үзінділер ұсынады;
7) қызметтік мінездеме, онда адамның кәсіби қызметіне, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға берілуге тиіс. Бұл ретте көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі.
Аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына кандидаттарға берілетін қызметтік мінездемеде оның ұйымдастырушылық қабілеттері туралы мәліметтер (басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міндеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.) болуға тиіс.
Мінездеме бірінші басшының не оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылып жазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі. Құжаттың берілген күні мен тіркеу нөмірі болуға тиіс.
Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі.
Жұмыс істеп жүрген судьялар үшін жұмыс орнынан берілетін мінездеме өзінің стандарттары бойынша судья қасиеттерін оң және оң емес бағалауды қамтитын ұсыным хатқа сәйкес болуға тиіс;
8) белгіленген үлгідегі (№ 086 нысан) денсаулық туралы медициналық анықтама, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтамалар;
9) тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы;
10) тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы (облыстық соттың сот алқасының төрағасы, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына конкурска қатысушылар үшін талап етіледі);
11) жұмыс істеп жүрген судьяларға немесе судьялыққа кандидаттарға арналған сауалнама (нысан қоса беріледі);
12) 3х4 көлемді түрлі-түсті фотосурет.
Мамандандырылған магистратураны түлектері біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттарды (түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.
Жұмыс істеп жүрген судьялар және бұрын судья қызметін атқарған судьялыққа кандидаттар соңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштері туралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны, осы кезенде келіп түскен шағымдар, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, судьяның жол берген заңдылық бұзушылықтарытуралы прокурорлардың ұсынымдары туралы мәліметтерді ұсынады. Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы қойылып, күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс. Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар, жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары, заңдылықты бұзғаны туралы прокурорлардың ұсынымдары түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижелері егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып), ескертпе-хаттар мен прокурорлардың ұсынымдарын қарау нәтижелері көрсетілуі қажет.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьяларының лауазымдарына кандидаттар Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін) қосымша ұсынады.
Жоғары тұрған (Жоғарғы Соттың судьясы), сондай-ақ басшы (облыстық және оған теңестірілген соттың сот алқасының төрағасы, аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы) судья лауазымына конкурсқа қатысатын жұмыс істейтін судьялар жоғары тұрған сатыдағы судья, сот төрағасы, сот алқасының төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын судьяның кәсіби қызметін бағалаудың нәтижелері туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімін қосымша ұсынады.
Басшы судьялық лауазымдарға кандидаттар соттардың жұмысын жетілдіру бойынша іс-қимыл жоспарын (бағдарламасын) ұсына алады.
Жұмыс істеп жүрген судьялар сондай-ақ сот жүйесінде сот төрелігін атқаруға байланысты емес қызметке (мысалы, кадр резерві жөніндегі облыстық комиссиялардың құрамында, оқу орталықтарының жұмысын ұйымдастыру, судьялар одағының филиалдары мен судьялар әдебі жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу) қатысуы туралы ақпаратты ұсынады.
Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі мен күні болуы тиіс.
Жұмыс істеп жүрген судьяларға 3), 4), 5), 6), 8) және 12) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну қажет емес.
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалар, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы (облыстық және оған теңестірілген соттың сот алқасының төрағасы, Жоғарғы Соттыңсудьясы лауазымына кандидаттар үшін),жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасы, сот алқасының төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатынсудьяның кәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі, сауалнамаберілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Көрсетілген құжаттар 2019 жылғы 8 мамырға дейін (қоса есептегенде) конкурс өткізілетін орын бойынша мынадай мекенжайға ұсынылуы тиіс: 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Кандидаттардың құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, олар тапсырған адамдарға кері қайтарылатын болады.
Осы жергілікті және басқа соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында (www.vss.gov.kz) орналастырылады.

 
Сауалнама
 
Анықтама үшін телефондар: 8(7172) 74-90-44, 74-91-03, 74-90-37


Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

Дата публикации
08 апреля 2019
Дата обновления
08 апреля 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы