
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының
бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды:
Астана қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 4 бос орын;
Есіл аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Сарыарқа аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 3 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;
Алматы қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Жетісу ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алмалы ауданының № 2 аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық тергеу соты – 3 бос орын;
Ақмола облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Атбасар аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жақсы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ерейментау аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;
Ақтөбе облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ырғыз аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ақтөбе қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы;
Ақтөбе қалалық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты – 1 бос орын;
Ақтөбе қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Ақтөбе қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;
Хромтау аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Шалқар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Алматы облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Талдықорған қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы;
Талғар аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Талғар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Талдықорған қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Атырау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Аягөз аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Бесқарағай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Зайсан аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Күршім аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Зырян ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Өскемен қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Шығыс Қазақстан облыстық соты – 2 бос орын;
Аягөз аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Зырян аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1бос орын;
Риддер қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;
Өскемен қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Шемонаиха аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1бос орын;
Жамбыл облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Тараз қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Бөрлі аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарағанды облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Жезқазған қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Теміртау қаласы мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
Теміртау қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ұлытау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Балқаш қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Бұқар жырау аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Сәтбаев қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарағанды қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 3 бос орын;
Қостанай облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қостанай қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Амангелді аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Арқалық қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Жітіқара аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Науырзым аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Рудный қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;
Қызылорда облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қызылорда қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қызылорда облыстық соты – 1 бос орын;
Арал аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Маңғыстау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақтау қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Жаңаөзен қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Мұнайлы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Түпқараған аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Павлодар облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақтоғай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ертіс аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Павлодар қалалық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Екібастұз қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Тайынша ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Петропавл қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы;
Шал ақын аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция)
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Солтүстік Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;
Есіл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Петропавл қалалық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Мақтаарал ауданы № 3 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы;
Түлкібас аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қазығұрт аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын.
Барлығы: облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 4, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 34, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 61.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 1-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 2-тармағында (облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 30-бабының 4-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары үшін) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш – Жоғары Сот Кеңесі төрағасының атына жазылады, Кеңестің толық атауы, өтініш берушінің мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетіліп, өз қолымен оқу үшін түсінікті жазылады, қолы мен күні қойылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініште үміткер судьяның немесе сот төрағасының нақты қандай бос лауазымына орналасқысы келетінін және тиісті сот атауын көрсетуі қажет;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолымен толтырылады.
Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі.
Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында оқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі. Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқан орындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезінде қолданылған атауын пайдалану қажет. Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.
«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағаны толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін көрсету қажет;
Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.
3) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.
Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;
Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;
4) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;
5) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Қосымша (арнаулы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжат нөмірленген, тігілген және нотариустың мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі куәландырған нақты лауазымдары көрсетілген анықтама ұсыну қажет.
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтарынан үзінділер ұсынады;
7) қызметтік мінездеме, онда адамның кәсіби қызметіне, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға берілуге тиіс. Бұл ретте көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі.
Аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына кандидаттарға берілетін қызметтік мінездемеде оның ұйымдастырушылық қабілеттері туралы мәліметтер (басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міндеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.) болуға тиіс.
Мінездеме бірінші басшының не оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылып жазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі. Бұған қоса, құжаттың мәтінінде оның берілген күні мен шығыс нөмірі қойылады.
Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі;
8) белгіленген үлгідегі (№ 086 нысан) денсаулық туралы медициналық анықтама, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, тиісті психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер берген анықтамалар;
9) жұмыс істеп жүрген судьяларға немесе судьялыққа кандидаттарға арналған сауалнама (нысан қоса беріледі);
10) 3х4 көлемді түрлі-түсті фотосурет.
Жұмыс істеп жүрген судьялар және бұрын судья қызметін атқарған судьялыққа кандидаттар соңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштері туралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны және осы кезенде келіп түскен шағымдар туралы мәліметтерді ұсынады. Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы қойылып, күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс. Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижесі егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып) көрсетілуі қажет.
Судьялыққа кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырғанын (магистранттар үшін) немесе біліктілік емтиханын тапсырып, тағылымдамадан өткені туралы жалпы отырыстың оң қорытындысын алғанын растайтын құжаттарды (түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін) және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар, жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Жоғары тұрған судья (облыстық және оған теңестірілген сот судьясы), сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын жұмыс істейтін судьялар жоғары тұрған сатыдағы судья, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын судьяның кәсіби қызметін бағалаудың нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімін қосымша ұсынады.
Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі мен күні болуы тиіс.
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы (облыстық және оған теңестірілген сотсудьясы лауазымына кандидаттар үшін),жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігі, жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатынсудьяның кәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімі, сауалнамаберілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Көрсетілген құжаттар 2018 жылғы 2 мамырға дейін (қоса есептегенде) конкурс өткізілетін орын бойынша мынадай мекенжайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Кандидаттардың құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, оларды тапсырған адамдарға кері қайтарылатын болады.
Осы жергілікті және басқа соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында (www.vss.gov.kz) орналастырылады.
Анықтама үшін телефондар: 8 (7172)74-90-37, 74-90-44, 74-91-03.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі