
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды:
Астана қаласы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Астана қалалық соты – 2 бос орын;
Алматы аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 3 бос орын;
Есіл аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Алматы ауданының № 2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Сарыарқа аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 4 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Алматы қаласы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы қалалық соты – 3 бос орын;
Алатау аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Бостандық аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Жетісу аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Наурызбай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Алмалы ауданының № 2 аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Бостандық ауданының № 2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
Түрксіб аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Ақмола облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Жақсы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Бурабай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Ерейментау аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Көкшетау қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 3 бос орын;
Степногорск қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Ақтөбе облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Мұғалжар аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ақтөбе қалалық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
Шалқар аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақтөбе облыстық соты – 1 бос орын;
Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 2 бос орын;
Ақтөбе қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 5 бос орын;
Ақтөбе қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 3 бос орын;
Хромтау аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Шалқар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Алматы облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Еңбекшіқазақ аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
Ұйғыр аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Еңбекшіқазақ аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Ескелді аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жамбыл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Талғар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Текелі қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Семей қалалық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
№ 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Семей қаласы № 2 сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Шығыс Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;
Аягөз аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жарма аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Зырян аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Риддер қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
№ 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
№ 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Өскемен қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Үржар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Өскемен қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Шемонаиха аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Жамбыл облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Сарысу аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Жамбыл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қордай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Сарысу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Шу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Батыс Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;
Бөрлі аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қазталов аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Орал қаласының мамандандырылғанәкімшілік соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Орал қалалық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарағанды облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Осакаров аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Абай ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Шахтинск қаласы мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қарағанды облыстық соты – 1 бос орын;
Балқаш қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Бұқар жырау аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жезқазған қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы № 2 аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 3 бос орын;
Сәтбаев қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Қарағанды қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 2 бос орын;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Қостанай облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Денисов аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қарабалық аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Меңдіқара аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қостанай облыстық соты – 2 бос орын;
Амангелді аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Арқалық қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Жітіқара аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Науырзым аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Рудный қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қостанай қаласы мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Қызылорда облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қызылорда облыстық соты – 1 бос орын;
Арал аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Қызылорда қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
Маңғыстау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Маңғыстау облыстық соты – 1 бос орын;
Бейнеу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жаңаөзен қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 3 бос орын;
Мұнайлы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Ақтау қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Түпқараған аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Павлодар облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Лебяжі аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Павлодар облыстық соты – 1 бос орын;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Шарбақты аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Екібастұз қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Солтүстік Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;
Аққайың аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Есіл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Мамлют аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Петропавл қалалық соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;
Айыртау ауданы № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Шал ақын аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Петропавл қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Мақтаарал ауданы № 3 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Түркістан қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Түлкібас аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Сарыағаш ауданы № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Әскери соттар бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақтөбе гарнизоны әскери соты – 1 бос орын.
Барлығы: облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 15, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 27, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 122.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 1-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 2-тармағында (облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 30-бабының 4-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары үшін) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш – Жоғары Сот Кеңесі төрағасының атына жазылады, Кеңестің толық атауы, өтініш берушінің мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетіліп, өз қолымен оқу үшін түсінікті жазылады, қолы мен күні қойылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініште үміткер судьяның немесе сот төрағасының нақты қандай бос лауазымына орналасқысы келетінін және тиісті сот атауын көрсетуі қажет;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолымен толтырылады.
Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі.
Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында оқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі. Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқан орындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезінде қолданылған атауын пайдалану қажет. Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.
«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағаны толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін көрсету қажет;
Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.
3) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.
Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;
Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;
4) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;
5) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Қосымша (арнаулы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжат нөмірленген, тігілген және нотариустың мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі куәландырған нақты лауазымдары көрсетілген анықтама ұсыну қажет.
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтарынан үзінділер ұсынады;
7) қызметтік мінездеме, онда адамның кәсіби қызметіне, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға берілуге тиіс. Бұл ретте көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі.
Аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына кандидаттарға берілетін қызметтік мінездемеде оның ұйымдастырушылық қабілеттері туралы мәліметтер (басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міндеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.) болуға тиіс.
Мінездеме бірінші басшының не оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылып жазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі. Бұған қоса, құжаттың мәтінінде оның берілген күні мен шығыс нөмірі қойылады.
Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі;
8) белгіленген үлгідегі (№ 086 нысан) денсаулық туралы медициналық анықтама, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, тиісті психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер берген анықтамалар;
9) жұмыс істеп жүрген судьяларға немесе судьялыққа кандидаттарға арналған сауалнама (нысан қоса беріледі);
10) 3х4 көлемді түрлі-түсті фотосурет.
Жұмыс істеп жүрген судьялар және бұрын судья қызметін атқарған судьялыққа кандидаттар соңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштері туралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны және осы кезенде келіп түскен шағымдар туралы мәліметтерді ұсынады. Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы қойылып, күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс. Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижесі егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып) көрсетілуі қажет.
Судьялыққа кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырғанын (магистранттар үшін) немесе біліктілік емтиханын тапсырып, тағылымдамадан өткені туралы жалпы отырыстың оң қорытындысын алғанын растайтын құжаттарды (түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін) және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар, жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Жоғары тұрған судья (облыстық және оған теңестірілген сот судьясы), сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын жұмыс істейтін судьялар жоғары тұрған сатыдағы судья, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын судьяның кәсіби қызметін бағалаудың нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімін қосымша ұсынады.
Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы (облыстық және оған теңестірілген сотсудьясы лауазымына кандидаттар үшін),жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігі, жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатынсудьяның кәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімі, сауалнамаберілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Көрсетілген құжаттар 2017 жылғы 11 желтоқсанға дейін қоса есептегендеконкурс өткізілетін орын бойынша мынадай мекенжайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Кандидаттардың құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, оларды тапсырған адамдарға кері қайтарылатын болады.
Осы жергілікті және басқа соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында (www.vss.gov.kz) орналастырылады.
Анықтама үшін телефондар: 8 (7172)74-90-37, 74-90-44, 74-91-03.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі