Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

2017 жылы 21 шілдедегі жарияланған конкурс

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының, Жоғарғы Сот судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды:

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
Жоғарғы Сот судьясының лауазымына – 2 бос орын;

Астана қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Алматы аудандық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
Есіл аудандық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Есіл ауданының № 2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 4 бос орын;

Алматы қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Медеу аудандық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы қалалық соты – 3 бос орын;
Алатау аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Алмалы аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Әуезов аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Алмалы ауданының № 2 аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Әуезов ауданының № 2 аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Жетысу ауданының № 2 аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;

Ақмола облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақкөл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Бұланды аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қорғалжын аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Көкшетау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақмола облыстық соты – 1 бос орын;
Ерейментау аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Есіл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Степногорск қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Ақтөбе облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;
Ақтөбе қаласының № 2 сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақтөбе облыстық соты – 1 бос орын;
Әйтеке би аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
Ақтөбе қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Ақтөбе қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 3 бос орын;
Шалқар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын; 

Алматы облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ескелді аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қапшағай қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Кербұлақ аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ұйғыр аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);  
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Балқаш аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Еңбекшіқазақ аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарасай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қаратал аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Еңбекшіқазақ ауданының № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Талдықорған қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Атырау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Атырау қаласының № 2 сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Жарма аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қатонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Үржар ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;
Өскемен қаласының № 2 сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
Ұлан аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);  
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Абай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Бородулиха аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Глубокое аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Зырян аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Курчатов қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Семей қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2бос орын;
Өскемен қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Шемонаиха аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Жамбыл облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Байзақ аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Меркі аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Мойынқұм аудандықсотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Талас аудандықсотының төрағасы (жалпы юрисдикция);  
Тараз қалалық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Сарысу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
Тараз қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Тараз қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Жаңақала аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жәнібек аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қазталов ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Сырым аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақжайық аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Орал қаласының мамандандырылғанәкімшілік соты – 1 бос орын; 
Орал қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Қарағанды облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қарқаралы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Приозерск қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қарағанды қаласының Октябрь ауданы № 3 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Саран қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция); 
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қарағанды облыстық соты – 6 бос орын;
Балқаш қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жезқазған қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы № 2 аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 3 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 2 бос орын;
Теміртау қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Шахтинск қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қостанай облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қарасу ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қостанай облыстық соты – 1 бос орын;
Алтынсарин аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Арқалық қалалық соты (жалпы юрисдикция)– 2 бос орын;
Лисаковск қалалық соты (жалпы юрисдикция)– 1 бос орын;
Рудный қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 2 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Таран аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Федоров аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қызылорда облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қазалы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қармақшы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Шиелі аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Байқоңыр қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жаңақорған аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қызылорда қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Маңғыстау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Маңғыстау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы; 
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Маңғыстау облыстық соты – 1 бос орын;
Ақтау қалалық соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;
Бейнеу аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жаңаөзен қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Павлодар облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақсу қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Лебяжі аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Павлодар қаласының № 2 сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
Шарбақты аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция); 
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Павлодар қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Екібастұз қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Есіл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Солтүстік Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;
Аққайың аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Есіл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Мамлют аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Айыртау ауданының № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
Шал ақын аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Петропавл қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Шымкент қаласының Әл-Фарабиаудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Шымкент қаласының Еңбекшіаудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қазығұрт аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Отырар қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Түлкібас аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын.

Әскери соттар бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қостанай гарнизоны әскери сотының төрағасы;
Талдықорған гарнизоны әскери сотының төрағасы;
Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы.

Барлығы: Жоғарғы Сот судьясының бос орыны – 2, облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 14, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 62, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 94.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 1-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 2-тармағында (облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 3-тармағында (Жоғарғы Сот судьялары үшін), 30-бабының 4-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары үшін) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш – Жоғары Сот Кеңесі төрағасының атына жазылады, Кеңестің толық атауы, өтініш берушінің мекенжайы мен байланыс телефондарыкөрсетіліп, өз қолыменоқу үшін түсінікті жазылады, қолы мен күні қойылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініште үміткер судьяның немесе сот төрағасының нақты қандай бос лауазымына орналасқысы келетінін және тиісті сот атауын көрсетуі қажет;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолыментолтырылады.
Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі.
Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарындаоқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі.Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқанорындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезіндеқолданылған атауын пайдалану қажет.Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.
«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағанын толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін  көрсету қажет;
Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.
3) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.
Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;
Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарынақатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;
4) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;
5) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Қосымша (арнаулы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжат нөмірленген, тігілген және нотариустың мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері),оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасыныңкөшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімніңкөшірмесін немесекадр қызметікуәландырғаннақты лауазымдары көрсетілген анықтамаұсыну қажет.
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайдаадамдар жұмыстан босату туралыбұйрықтарынан үзінділер ұсынады;
7) қызметтік мінездеме, онда адамның кәсіби қызметіне, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға берілуге тиіс. Бұл ретте көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі.
Аудандық және оған теңестірілгенсоттар төрағаларыныңлауазымдарына кандидаттарға берілетін қызметтік мінездемеде оның ұйымдастырушылыққабілеттері туралы мәліметтер(басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міндеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.) болуға тиіс.
Мінездеме бірінші басшының не оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылыпжазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі.Бұған қоса, құжаттың мәтінінде оның берілген күні мен шығыс нөмірі қойылады.
Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі;
8) белгіленген үлгідегі (№ 086 нысан) денсаулық туралы медициналық анықтама, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, тиістіпсихоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер берген анықтамалар;
9) жұмыс істеп жүрген судьяларға немесе судьялыққа кандидаттарғаарналған сауалнама (нысан қоса беріледі);
10) 3х4 көлемді түрлі-түсті фотосурет.
Жұмыс істеп жүрген судьялар және бұрын судья қызметін атқарған судьялыққа кандидаттарсоңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштерітуралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаныжәне осы кезенде келіп түскен шағымдар туралы мәліметтерді ұсынады. Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолықойылып,күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс. Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижесі егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып) көрсетілуі қажет;
Судьялыққа кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырғанын (магистранттар үшін) немесе біліктілік емтиханынтапсырып,тағылымдамадан өткені туралы жалпы отырыстың оң қорытындысын алғанын растайтын құжаттарды (түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.
Жоғарғы Сот судьясы лауазымына кандидаттар, оның ішіндежұмыс істеп жүрген судьялар, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін)және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары лауазымдарына кандидаттар, оның ішіндежұмыс істеп жүрген судьялар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін)және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар,жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Жоғары тұрған судья (Жоғарғы Сот судьясы, облыстық және оған теңестірілген сот судьясы), сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы лауазымына конкурсқақатысатын жұмыс істейтін судьялар жоғары тұрған сатыдағы судья, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын судьяның кәсіби қызметін бағалаудыңнәтижелері туралыСот жюриі біліктілік комиссиясының шешімін қосымша ұсынады.
Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.
Кадрларды есепке алужөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулықжағдайы туралы медициналық анықтамалар, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы (Жоғарғы Сотсудьясы лауазымына кандидаттар үшін), тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы (облыстық және оған теңестірілген сотсудьясы лауазымына кандидаттар үшін),жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігі,жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасы лауазымынаконкурсқа қатысатынсудьяныңкәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімі, сауалнамаберілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Көрсетілген құжаттар 2017 жылғы 21 тамызға дейін (қоса есептегенде)конкурс өткізілетін орын бойынша мынадай мекенжайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Кандидаттардың құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, оларды тапсырған адамдарға кері қайтарылатын болады.
Осы жергілікті және басқа соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында (www.vss.gov.kz) орналастырылады.

 
 Анықтама үшін телефондар: 8 (7172)74-90-37, 74-90-44, 74-91-76.

 
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

Дата публикации
21 июля 2017
Дата обновления
21 июля 2017
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы