
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды:
Астана қаласы бойынша:
Есіл ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
Алматы қаласы бойынша:
Наурызбайаудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Алмалы ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
Ақмола облысы бойынша:
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Ақтөбе облысы бойынша:
Мұғалжар ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Алматы облысы бойынша:
№ 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Жамбыл облысы бойынша:
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Бөрлі аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қарағанды облысы бойынша:
Ақтоғай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Маңғыстау облысы бойынша:
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Павлодар облысы бойынша:
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Мамлют аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Бәйдібек аудындық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.
Барлығы: аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 14.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 29-бабының 1-тармағында, 30-бабының 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш – Жоғары Сот Кеңесі төрағасының атына жазылады, Кеңестің толық атауы, өтініш берушінің мекенжайы мен байланыс телефондарыкөрсетіліп, өз қолыменоқу үшін түсінікті жазылады, қолы мен күні қойылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініште үміткер сот төрағасының нақты қандай бос лауазымына орналасқысы келетінін көрсетуі қажет;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолыментолтырылады.
Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі.
Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарындаоқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі.Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқанорындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезіндеқолданылған атауын пайдалану қажет.Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.
«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағанын толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін көрсету қажет.
Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет;
3) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.
Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;
Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарынақатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;
4) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;
5) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Орта кәсіптік заң білімі, қосымша жоғары (арнайы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжат нөмірленген, тігілген және нотариустың мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері),оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасыныңкөшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімніңкөшірмесін немесекадр қызметікуәландырғаннақты лауазымдары көрсетілген анықтамаұсыну қажет.
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайдаадамдар жұмыстан босату туралыбұйрықтарынан үзінділер ұсынады;
7) қызметтік мінездеме, онда адамның кәсіби қызметіне, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға берілуге тиіс. Бұл ретте кандидатқа қатысты көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы, оның ұйымдастырушылыққабілеттері туралы мәліметтер(басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міндеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.) міндетті түрде көрсетіледі.
Мінездеме бірінші басшының не оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылыпжазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі.Бұған қоса, құжаттың мәтінінде оның берілген күні мен шығыс нөмірі қойылады.
Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі;
8) белгіленген үлгідегі (№ 086 нысан) денсаулық туралы медициналық анықтама, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, тиістіпсихоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер берген анықтамалар;
9) жұмыс істеп жүрген судьяларға немесе судьялыққа кандидаттарғаарналған сауалнама (нысан қоса беріледі);
10) 3х4 көлемді түрлі-түсті фотосурет;
11) жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерліктері.
Жұмыс істеп жүрген судьялар және бұрын судья қызметін атқарған судьялыққа кандидаттарсоңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштерітуралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаныжәне осы кезенде келіп түскен шағымдар туралы мәліметтерді ұсынады. Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолықойылып,күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс. Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижесі егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып) көрсетілуі қажет.
Бұрын судья қызметін атқарған кандидаттар, олардың біліктілік емтиханынтапсыруынан және тағылымдамадан өтуінен босатылған мерзімі өтіп кеткен кезде, біліктілік емтиханынтапсырғанын (магистранттар үшін), біліктілік емтиханынтапсырып,тағылымдамадан өткені туралы жалпы отырыстың оң қорытындысын алғанын растайтын құжаттарды (түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.
Конкурсқа қатысатын жұмыс істеп жүрген судьялар сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын судьяның кәсіби қызметін бағалаудыңнәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімін қосымша ұсынады.
Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.
Кадрларды есепке алужөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулықжағдайы туралы медициналық анықтамалар, жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігі,сот төрағасы лауазымынаконкурсқа қатысатынсудьяныңкәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімі, сауалнамаберілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Көрсетілген құжаттар 2017 жылғы 15 мамырға дейін (қоса есептегенде) конкурс өткізілетін орын бойынша мынадай мекенжайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Кандидаттардың құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, оларды тапсырған адамдарға кері қайтарылатын болады.
Осы аудандық және оған теңестрілген аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында (www.vss.gov.kz) орналастырылады.
Анықтама үшін телефондар: (8-7172)74-91-76, 74-90-44, 74-90-37.
Сауалнама
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі