
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды:
Астана қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қазақстан Республикасының Әскери соты – 1 бос орын
Алматы қаласы бойынша
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Түрксіб аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы қалалық соты – 1 бос орын
Ақмола облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Аршалы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақкөл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Атбасар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Бурабай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Көкшетау қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 2 бос орын;
Ақтөбе облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Темір аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ойыл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Хромтау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақтөбе облыстық соты – 1 бос орын;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
Ақтөбе қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Алматы облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қарасай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция)
Кербұлақ ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы облыстық соты – 1 бос орын;
Еңбекшіқазақ аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Райымбек аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 3 бос орын;
Атырау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қызылқоға аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция)
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Күршім ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Шығыс Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;
Бородулиха аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Зырян аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 3 бос орын;
Үржар ауданының № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Семей қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 3 бос орын;
Өскемен қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 3 бос орын;
Өскемен қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Жамбыл облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Жуалы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Жуалы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 2 бос орын;
Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Тараз қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Тасқала аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция)
Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Бөкейорда аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Қарағанды облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);
Балқаш қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қарағанды облыстық соты – 2 бос орын;
Балқаш қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
Осакаров аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 3 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Саран қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қостанай облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Науырзым аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Таран аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Арқалық қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қостанай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Рудный қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 4 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Таран аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қызылорда облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қызылорда қаласы № 2 сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
Маңғыстау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Түпқараған аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Маңғыстау облыстық соты – 1 бос орын;
Мұнайлы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
Ақтау қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Павлодар облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қашыр аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Баянауыл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Павлодар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын;
Шарбақты аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақжар аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Аққайың аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Тайынша ауданының № 3 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Петропавл қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Шал ақын аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Тайынша аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Оңтүстік Қазақстан облыстық соты – 5 бос орын;
Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Сайрам аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;
Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын.
Барлығы: облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 13, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 21, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 72.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 1-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 2-тармағында (облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 30-бабының 4-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары үшін) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш – Жоғары Сот Кеңесі төрағасының атына жазылады, Кеңестің толық атауы, өтініш берушінің мекенжайы мен байланыс телефондарыкөрсетіліп, өз қолыменоқу үшін түсінікті жазылады, қолы мен күні қойылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініште үміткер судьяның немесе сот төрағасының нақты қандай бос лауазымына орналасқысы келетінін және тиісті сот атауын көрсетуі қажет;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолыментолтырылады
Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі
Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарындаоқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі.Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқанорындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезіндеқолданылған атауын пайдалану қажет.Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.
«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағанын толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін көрсету қажет;
Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.
3) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.
Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;
Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарынақатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;
4) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;
5) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Орта кәсіптік заң білімі, қосымша жоғары (арнайы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжат нөмірленген, тігілген және нотариустың мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасыныңкөшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімніңкөшірмесін немесекадр қызметікуәландырғаннақты лауазымдары көрсетілген анықтамаұсыну қажет.
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайдаадамдар жұмыстан босату туралыбұйрықтарынан үзінділер ұсынады;
7) қызметтік мінездеме, онда адамның кәсіби қызметіне, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға берілуге тиіс. Бұл ретте көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі.
Аудандық және оған теңестірілгенсоттар төрағаларыныңлауазымдарына кандидаттарға берілетін қызметтік мінездемеде оның ұйымдастырушылыққабілеттері туралы мәліметтер (басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міндеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.) болуға тиіс.
Мінездеме бірінші басшының не оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылыпжазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі. Бұған қоса, құжаттың мәтінінде оның берілген күні мен шығыс нөмірі қойылады.
Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі;
8) белгіленген үлгідегі (№ 086 нысан) денсаулық туралы медициналық анықтама, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, тиістіпсихоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер берген анықтамалар;
9) жұмыс істеп жүрген судьяларға немесе судьялыққа кандидаттарғаарналған сауалнама (нысан қоса беріледі);
10) 3х4 көлемді түрлі-түсті фотосурет.
Жұмыс істеп жүрген судьялар және бұрын судья қызметін атқарған судьялыққа кандидаттарсоңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштерітуралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаныжәне осы кезенде келіп түскен шағымдар туралы мәліметтерді ұсынады. Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолықойылып,күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс. Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижесі егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып) көрсетілуі қажет;
Судьялыққа кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырғанын (магистранттар үшін) немесе біліктілік емтиханынтапсырып,тағылымдамадан өткені туралы жалпы отырыстың оң қорытындысын алғанын растайтын құжаттарды (түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары лауазымдарына кандидаттар, оның ішіндежұмыс істеп жүрген судьялар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін) және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар, жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Жоғары тұрған судья, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы лауазымына конкурсқақатысатын жұмыс істейтін судьялар жоғары тұрған сатыдағы судья, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын судьяның кәсіби қызметін бағалаудыңнәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімін қосымша ұсынады.
Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.
Кадрларды есепке алужөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулықжағдайы туралы медициналық анықтамалар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы (облыстық және оған теңестірілген сотсудьясы лауазымына кандидаттар үшін), жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігі,жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасы лауазымынаконкурсқа қатысатынсудьяныңкәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімі, сауалнамаберілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Көрсетілген құжаттар 2016 жылғы 12 желтоқсанға дейін (қоса есептегенде) конкурс өткізілетін орын: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, №1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Кандидаттардың құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, оларды тапсырған адамдарға кері қайтарылатын болады.
Осы жергілікті және басқа соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында (www.vss.gov.kz) орналастырылады.
Анықтама үшін телефондар: (8-7172)74-91-76, 74-90-44, 74-90-37.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі