Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

2016 жылы 2 наурыздағы жарияланған конкурс

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды:

 

Астана қаласы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Астана қалалық соты – 12 бос орын;
Алматы аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
Ақмола гарнизонының әскери соты – 1 бос орын;
Есіл аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Сарыарқа ауданының № 2аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;
Сарыарқа аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 6 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 2 бос орын;

Алматы қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ауезов аудандық сотының(қылмыстық юрисдикция) төрағасы – 1 бос орын;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы қалалық соты – 4 бос орын;
Алмалы аудандық соты (қылмыстықюрисдикция) – 1 бос орын;
Бостандық аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Алмалы ауданының № 2 аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот– 1 бос орын;

Ақмола облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Акмола облыстық соты – 2 бос орын;
Атбасар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Аршалы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Есіл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Көкшетау қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Ақтөбе облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақтөбе облыстық соты – 2 бос орын;
Ақтөбеқалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Ақтөбеқаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Алматы облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы облыстық соты – 1 бос орын;
Ескелді аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Кербұлақ аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Талдықорған қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Атырау облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Атырау облыстық соты – 1 бос орын;
Атырау қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот – 1 бос орын;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Абай аудандық сотының(жалпы юрисдикция) төрағасы– 1 бос орын;
Жарма ауданы №2 аудандық сотының(жалпы юрисдикция) төрағасы– 1 бос орын;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Катонқарағайаудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Риддерқалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Семейқалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;
Өскемен қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Жамбыл облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Жамбыл облыстық соты – 2 бос орын;
Мойынқұмаудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Таласаудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Тараз қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Тасқала аудандық сотының (жалпы юрисдикция) төрағасы – 1 бос орын;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Батыс Қазақстан облыстық соты – 2 бос орын;
Бөрлі аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот – 1 бос орын;

Қарағанды облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қарағандыоблыстық соты – 5 бос орын;
Ақтоғай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Жезқазған қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Қаражалқалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Бұқар жырау ауданының № 2аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Саранқалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Сатпаевқалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот – 1 бос орын;
Теміртауқалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Шахтинскқалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қостанайоблысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Рудный қалалық сотының (жалпы юрисдикция) төрағасы – 1 бос орын;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қостанай облыстық соты – 3 бос орын;
Әулиекөл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қостанай қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот – 2 бос орын;

Қызылорда облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қызылорда облыстық соты – 3 бос орын;

Маңғыстауоблысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Маңғыстау облыстық соты – 3 бос орын;
Ақтау гарнизонының әскери соты – 1 бос орын;
Ақтау қаласының №2 соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарақия аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Павлодар облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Успен аудандық сотыныңтөрағасы– 1 бос орын;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Павлодар облыстық соты – 3 бос орын;
Ақсу қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Железин аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Павлодар қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 3 бос орын;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Айыртау аудандық сотының (жалпы юрисдикция) төрағасы– 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныңтөрағасы – 1 бос орын;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Солтүстік Қазақстан облыстық соты – 2 бос орын;
Петропавл қаласының №2 соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Уәлиханов аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша:
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Шымкент қаласының Абай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын.

Барлығы: облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 45, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 8, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 73.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 1-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 2 тармағында (облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 30-бабының 4-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары үшін) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш – Жоғары Сот Кеңесі төрағасының атына жазылады, Кеңестің толық атауы, өтініш берушінің мекенжайы мен байланыс телефондарыкөрсетіліп, өз қолыменоқу үшін түсінікті жазылады, қолы мен күні қойылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініште үміткер судьяның немесе сот төрағасының нақты қандай бос лауазымына орналасқысы келетінін және тиісті сот атауын көрсетуі қажет;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолыментолтырылады.
Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі.
Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарындаоқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі.Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқанорындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезіндеқолданылған атауын пайдалану қажет.Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.
«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағанын толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін  көрсету қажет;
Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.
Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.
3) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.
Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;
Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарынақатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;
4) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;
5) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Қосымша (арнаулы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжат нөмірленген, тігілген және нотариустың мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері),оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасыныңкөшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімніңкөшірмесін немесекадр қызметікуәландырғаннақты лауазымдары көрсетілген анықтамаұсыну қажет.
Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайдаадамдар жұмыстан босату туралыбұйрықтарынан үзінділер ұсынады;
7) қызметтік мінездеме, онда адамның кәсіби қызметіне, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға берілуге тиіс. Бұл ретте көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі.
Аудандық және оған теңестірілгенсоттар төрағаларыныңлауазымдарына кандидаттарға берілетін қызметтік мінездемеде оның ұйымдастырушылыққабілеттері туралы мәліметтер(басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міндеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.) болуға тиіс.
Мінездеме бірінші басшының не оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылыпжазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі.Бұған қоса, құжаттың мәтінінде оның берілген күні мен шығыс нөмірі қойылады.
Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі;
8) белгіленген үлгідегі (№ 086 нысан) денсаулық туралы медициналық анықтама, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, тиістіпсихоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер берген анықтамалар;
9) жұмыс істеп жүрген судьяларға немесе судьялыққа кандидаттарғаарналған сауалнама (нысан қоса беріледі);
10) 3х4 көлемді түрлі-түсті фотосурет.
Жұмыс істеп жүрген судьялар және бұрын судья қызметін атқарған судьялыққа кандидаттарсоңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштерітуралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаныжәне осы кезенде келіп түскен шағымдар туралы мәліметтерді ұсынады. Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолықойылып,күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс. Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижесі егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып) көрсетілуі қажет;
Судьялыққа кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырғанын (магистранттар үшін) немесе біліктілік емтиханынтапсырып,тағылымдамадан өткені туралы жалпы отырыстың оң қорытындысын алғанын растайтын құжаттарды (түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары лауазымдарына кандидаттар, оның ішіндежұмыс істеп жүрген судьялар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін)және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар,жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.
Жоғары тұрған судья лауазымына (облыстық және оған теңестірілген сот судьясы,аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы) конкурсқақатысатын жұмыс істейтін судьялар, жиырма және одан көп жыл судьялық өтілі бар судьяларды қоспағанда,жоғары тұрған сатыдағы судья, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын судьяның кәсіби қызметін бағалаудыңнәтижелері туралыСот жюриі біліктілік комиссиясының шешімін қосымша ұсынады.
Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.
Кадрларды есепке алужөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулықжағдайы туралы медициналық анықтамалар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы (облыстық және оған теңестірілген сотсудьясы лауазымына кандидаттар үшін),жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігі,жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасы лауазымынаконкурсқа қатысатынсудьяныңкәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімі, сауалнамаберілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Көрсетілген құжаттар 2016 жылғы 1 сәуірге дейін (қоса есептегенде) конкурс өткізілетін орын: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, №1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі мекенжайға тапсырылуға тиіс.
Кандидаттардың құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, оларды тапсырған адамдарға кері қайтарылатын болады.
Осы жергілікті және басқа соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсындағы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі» бөлімінде орналастырылады.

 

Анықтама үшін телефондар: (8-7172)74-90-37, (8-7172)74-90-44.
 

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

Дата публикации
02 марта 2016
Дата обновления
02 марта 2016
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы