
Аудандық соттардың судьялары мен төрағалары, облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың судьялары бос орындарына кандидаттарды іріктеу кезінде ескерілуге жататын негізгі критерийлер
- аудандық соттың судьясы бос орнына (судьялыққа кандидаттар үшін)
1) сот ісін жүргізуге тікелей қатысы бар жұмыста сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), сот процестеріне қатысатын прокурор, адвокат ретінде мол еңбек өтілінің болуы;
2) заң мамандығы бойынша мол еңбек өтілінің болуы;
3) мамандандырылған магистратура түлегі;
4) біліктілік емтиханының жоғары нәтижесі
5) бір жылдық ақы төленетін тағылымдамадан өтуі
6) полиграфологиялық зерттеудің өң нәтижесі
7) психологиялық тестілеудің оң нәтижесі
8) жоғары заң білімі туралы дипломның орташа балының жоғары нәтижесі
9) ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы
10) мамандандырылған соттардың судьялары үшін арнайы жоғары білімінің болуы;
11) сот елді мекенде немесе өңірде тұруы;
12) жұмыс орны бойынша оң мінездемесі;
13) тұрғылықты жері бойынша облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы;
14) Соттармен өзара іс-қимыл жасау кеңесінің оң қорытындысы;
15) судья лауазымына конкурса көр рет қатысуы
16) жақын туыстары бойынша әшкерелейтін мәліметтердің (қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) болмауы .
- аудандық соттың судьясы бос орнына (жұмыс істеп жүрген судьялар үшін)
1) судьялық еңбек өтілінің көп болуы;
2) қазіргі уақыттағы мамандануы (қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген соттың юрисдикциясы);
3) мамандануы боуынша еңбек өтілі (қандай юрисдикциядағы соттарда жұмыс тәжірибесі бар (азаюына қарай);
4) сот істері бойынша жүктемесі
5) сот төрелігін атқару сапасы (сот актілері күшінің жойылуы мен өзгертілуі саны, объективті жағдайларды қоспағанда)
6) сот төрағасы болса, өкілеттігі өтуінің мерзімін көрсету;
7) тәртіптік жазаларының болмауы
8) расталған шағымдардың болмауы
9) расталған шағымдардың аз болуы;
10) ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы
11) мамандандырылған соттардың судьялары үшін арнайы жоғары білімінің болуы;
12) сот елді мекенде немесе өңірде тұруы;
13) жұмыс орны бойынша оң мінездемесі;
14) тұрғылықты жері бойынша облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы;
15) Соттармен өзара іс-қимыл жасау кеңесінің оң қорытындысы;
16) атқарып отырған лауазымында жұмыс істеген уақыты (соңғы рет тағайындалған кезі);
17) қызметіне соңғы рет тағайындалғаннан кейін конкурсқа қатысуының ең көп саны;
18) жақын туыстары бойынша әшкерелейтін мәліметтердің (қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) болмауы .
- аудандық соттың төрағасы бос орнына
1) аудандық сот төрағасы қызметіндегі жұмыс өтілі;
2) сот төрағасы болса, өкілеттігі өтуінің мерзімін көрсету;
3) қазіргі уақыттағы мамандануы (қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген соттың юрисдикциясы);
4) мамандануы боуынша еңбек өтілі (қандай юрисдикциядағы соттарда жұмыс тәжірибесі бар (азаюяна қарай);
5)судьялық еңбек өтілінің көп болуы;
6) сот төрелігін атқару сапасы (сот актілері күшінің жойылуы мен өзгертілуі саны, объективті жағдайларды қоспағанда)
7) басқарушы жұмыс атқару тәжірибесінің болуы;
8) ұйымдастырушылық қабілетінің болуы;
9) осы қызмкетке кадр резервінде болуы;
10) Сот жюриі біліктілік комиссиясының оң қорытындысы;
11) тәртіптік жазаларының болмауы;
12) расталған шағымдардың болмауы;
13) расталған шағымдардың аз болуы;
14) мамандандырылған соттың төрағасы үшін арнайы жоғары білімінің болуы;
15) сот елді мекенде немесе өңірде тұруы;
16) жұмыс орны бойынша оң мінездемесі;
17) тұрғылықты жері бойынша облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы;
18) Соттармен өзара іс-қимыл жасау кеңесінің оң қорытындысы;
19) атқарып отырған лауазымында жұмыс істеген уақыты (соңғы рет тағайындалған кезі);
20) қызметіне соңғы рет тағайындалғаннан кейін конкурсқа қатысуының ең көп саны;
21) жақын туыстары бойынша әшкерелейтін мәліметтердің (қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) болмауы .
- облыстық соттың судьясы, Жоғарғы Соттың судьясы бос орнына
1) қазіргі уақыттағы мамандануы (қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген соттың юрисдикциясы)
2) мамандануы боуынша еңбек өтілі (қандай юрисдикциядағы соттарда жұмыс тәжірибесі бар (азаюяна қарай);
3) судьялық еңбек өтілінің көп болуы;
4)сот төрағасы болса, өкілеттігі өтуінің мерзімін көрсету;
5) сот төрелігін атқару сапасы (сот актілері күшінің жойылуы мен өзгертілуі саны, объективті жағдайларды қоспағанда)
6) тиісті облыстық соттың, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысы;
7) осы қызмкетке кадр резервінде болуы (Жоғарғы Соттың судьясы бос орнына);
8) Сот жюриі біліктілік комиссиясының оң қорытындысы;
9) тәртіптік жазаларының болмауы;
10) расталған шағымдардың болмауы;
11) расталған шағымдардың аз болуы;
12) сот елді мекенде немесе өңірде тұруы;
13) жұмыс орны бойынша оң мінездемесі;
14) тұрғылықты жері бойынша облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы;
15) Соттармен өзара іс-қимыл жасау кеңесінің оң қорытындысы;
16) атқарып отырған лауазымында жұмыс істеген уақыты (соңғы рет тағайындалған кезі);
17) қызметіне соңғы рет тағайындалғаннан кейін конкурсқа қатысуының ең көп саны;
18) жақын туыстары бойынша әшкерелейтін мәліметтердің (қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) болмауы.