Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Конкурс

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды:

 

Астана қаласы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Байқоңыр аудандық сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);

Байқоңыр ауданы № 2 сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;

Байқоңыр аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Алматы қаласы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Алматы қалалық соты – 2 бос орын;

Алмалы аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 2 бос орын;

Шымкент қаласы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы;

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Шымкент қалалық соты – 1 бос орын;

Ақмола облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Шортанды аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Ақмола облыстық соты – 1 бос орын;

Астрахан аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Бурабай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Жарқайың аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Зеренді аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Көкшетау қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Біржан сал ауданының соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Целиноград аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Ақтөбе облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Ақтөбе қаласы № 3 сотының төрағасы (азаматтық юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Ақтөбе облыстық соты – 1 бос орын;

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;

Ақтөбе қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;

Ақтөбе қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 3 бос орын;

Шалқар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Алматыоблысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Алматы облыстық соты – 2 бос орын;

Еңбекшіқазақ аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу соты– 1 бос орын;

Талғар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты– 1 бос орын;

Атырау облысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Атырау қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Риддер қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Шығыс Қазақстан облыстық соты – 1 бос орын;

Аягөз аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Бесқарағай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Зайсан аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Зырян аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Зырян ауданының № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Күршім ауданының № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Семей қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;

Өскемен қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Шемонаиха аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Жамбыл облысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Тараз қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Бөрлі аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қарағандыоблысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Қаражал қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Қарағанды қаласының Октябрь ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Балхаш қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қаражал қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Саран қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Сәтбаев қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот – 1 бос орын;

Шахтинск қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Қостанай облысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Амангелді аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Арқалық қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Жітіқара аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қостанай қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 3 бос орын;

Науырзым аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Рудный қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот  – 1 бос орын;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот – 1 бос орын;

Қызылордаоблысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Байконыр қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Арал аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Маңғыстау облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Мұнайлы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Маңғыстау облыстық соты – 2 бос орын;

Жаңаөзен қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Қарақия аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Мұнайлы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Ақтау қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;

Павлодарской облысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Павлодар облыстық соты – 1 бос орын;

Ертіс аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Павлодар қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;

Павлодар қаласының № 2 соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;

Екібастұз қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:

Жамбыл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Есіл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;

Қызылжар аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот – 1 бос орын;

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот  – 1 бос орын;

Мағжан Жұмабаев ауданының соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

Петропавл қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 2 бос орын;

Түркістаноблысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Сарыағаш аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;

әскери соттар бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:

Қазақстан Республикасының Әскери соты – 2 бос орын.

Барлығы: облыстық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 13, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындары – 11, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының бос орындары – 78.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының                     1-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 2-тармағында (облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін), 30-бабының 4-тармағында (аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары үшін) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) өтініш – Жоғары Сот Кеңесі төрағасының атына жазылады, Кеңестің толық атауы, өтініш берушінің мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетіліп, өз қолымен оқу үшін түсінікті жазылады, қолы мен күні қойылады.

Конкурсқа қатысу туралы өтініште үміткер судьяның немесе сот төрағасының нақты қандай бос лауазымына орналасқысы келетінін және тиісті сот атауын көрсетуі қажет;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ – оқу үшін түсінікті жазумен өз қолымен толтырылады.

Оқу мекемесінің атауы дипломда жазылуына сәйкес көрсетіледі.

Еңбек қызметі туралы мәліметтерді көрсеткен кезде сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында оқыған мерзімі, әскери қызметі, қосымша жұмысы қоса енгізіледі. Мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, сондай-ақ министрліктерді (агенттіктерді, ведомстволарды), олардың орналасқан орындарын көрсеткен кезде олардың осы адамның еңбек қызметі кезінде қолданылған атауын пайдалану қажет. Адамның еңбек қызметі туралы мәліметтер еңбек кітапшасында және басқа құжаттарда жазылуына толығымен сәйкес болуы тиіс.

«Үйінің мекенжайы және телефоны» бағаны толтырған кезде нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен телефон (ұялы, үй және жұмыс) нөмірлерін  көрсету қажет;

Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары болған жағдайда, жеке парақта олардың түрін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.

Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, жеке парақта бұл туралы көрсетіп, сондай-ақ ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың берілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса беру қажет.

Жұмыс істеп жүрген судьялар кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақтың орнына тиісті Сот әкімшісінің кадр қызметі жасап, куәландырған объективка-анықтамасын ұсынады.

3) өмірбаян – өміріндегі ең маңызды оқиғалар міндетті түрде сипаттала отырып, еркін нысанда жазылады.

Өмірбаян қолы мен жазылған күні қойылып, өз қолымен (оқуға түсінікті және ұқыпты) жазылады;

Өмірбаянда кандидатқа, жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы, сотқа дейінгі тергеудің жүргізілгені, оның ішінде ақталатын немесе ақталмайтын негіздер бойынша кейін қысқартылғаны туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі;

4) жеке куәліктің көшірмесі. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттың көшірмесі ұсынылған жағдайда материалдар кері қайтарылуға жатады;

5) жоғары заң білімі туралы диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Қосымша (арнаулы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Мамандандырылған соттың судьясы немесе төрағасы бос орындарына конкурсқа қатысқан жағдайда тиісті қосымша (арнайы) білімі болған жағдайда – диплом мен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;

6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшірмесі.

Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық көлемде енгізілмейтін қызметкерлер (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрын қызмет атқарғандар үшін, еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы куәландырған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі куәландырған нақты лауазымдары көрсетілген анықтама ұсыну қажет.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан жұмыстан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтарынан үзінділер ұсынады;

7) қызметтік мінездеме, онда адамның кәсіби қызметіне, іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне баға берілуге тиіс. Бұл ретте көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі.

Аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына кандидаттарға берілетін қызметтік мінездемеде оның ұйымдастырушылық қабілеттері туралы мәліметтер (басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міндеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.) болуға тиіс.

Мінездеме бірінші басшының не оның міндетін атқаратын лауазымды тұлғаның қолы қойылып жазылады, ұйымның мөрімен бекітіледі. Бұған қоса, құжаттың мәтінінде оның берілген күні мен шығыс нөмірі қойылады.

Дәлелді себептермен мінездеме алу мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктемелер беріледі.

Жұмыс істеп жүрген судьялар үшін жұмыс орнынан берілетін мінездеме өзінің стандарттары бойынша судья қасиеттерін оң және оң емес бағалауды қамтитын ұсыным хатқа сәйкес болуға тиіс;

8) белгіленген үлгідегі (№ 086 нысан) денсаулық туралы медициналық анықтама, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, тиісті психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер берген анықтамалар;

9) жұмыс істеп жүрген судьяларға немесе судьялыққа кандидаттарға арналған сауалнама (нысан қоса беріледі);

10) 3х4 көлемді түрлі-түсті фотосурет.

Мамандандырылған магистратураны түлектері біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттарды (түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.

Жұмыс істеп жүрген судьялар және бұрын судья қызметін атқарған судьялыққа кандидаттар соңғы үш жыл ішіндегі жұмысының көрсеткіштері туралы анықтаманы, көрсетілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны және осы кезенде келіп түскен шағымдар туралы мәліметтерді ұсынады. Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық сот төрағасының қолы қойылып, күні көрсетіліп, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс. Кандидаттың іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жағдайда, онда тиісті анықтамада әрбір шағым бойынша мағлуматтар және оны қарау нәтижесі егжей-тегжейлі (өтініш авторлары уәждерінің расталғаны/расталмағаны міндетті түрде жазылып) көрсетілуі қажет.

Судьялыққа кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырғанын (магистранттар үшін) немесе біліктілік емтиханын тапсырып, тағылымдамадан өткені туралы жалпы отырыстың оң қорытындысын алғанын растайтын құжаттарды (түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.

Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар, тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын (түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін) және жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына кандидаттар, оның ішінде жұмыс істеп жүрген судьялар, жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша нысандағы кепілгерлігін қосымша ұсынады.

Жоғары тұрған судья (облыстық және оған теңестірілген сот судьясы), сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын жұмыс істейтін судьялар жоғары тұрған сатыдағы судья, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатын судьяның кәсіби қызметін бағалаудың нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімін қосымша ұсынады.

Жұмыс істеп жүрген судьялар болған жағдайда сондай-ақ біліктілігін арттыру туралы сертификаттарды ұсынады.

Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі мен күні болуы тиіс.

Жұмыс істеп жүрген судьяларға 3), 4), 5), 6), 8) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну қажет емес.

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалар, тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысының қорытындысы (облыстық және оған теңестірілген сотсудьясы лауазымына кандидаттар үшін),жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерлігі, жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасы лауазымына конкурсқа қатысатынсудьяның кәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешімі, сауалнамаберілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.

Көрсетілген құжаттар 2018 жылғы 3 қыркүйекке дейін (қоса есептегенде) конкурс өткізілетін орын бойынша мынадай мекенжайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.

Кандидаттардың құжаттары тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, олар тапсырған адамдарға кері қайтарылатын болады.

Осы жергілікті және басқа соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында (www.vss.gov.kz) орналастырылады.

 

Анықтама үшін телефондар: 8(7172)74-90-37, 74-90-44, 74-91-03.

 

Сауалнама

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесі

Дата публикации
30 июля 2018
Дата обновления
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі
02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы