Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының                          3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:

1.  Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөліміне осы өкімді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
Төрағасы                                                                                   Д. Малахов

Дата публикации
05 июня 2025