Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кенесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, сәйкес:

       1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқулық басылымдар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары, осы өкімнің қосымшасына сәйкес, бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөліміне осы өкімді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы                                              Д. Малахов

Дата публикации
02 июня 2025