Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламенті

1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау тәртібін регламенттейді.

2. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін: мына лауазымды тұлғалар жеке қабылдайды: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 1В кіреберіс, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты мекенжайы бойынша жүзеге асырылады:

1) Кеңес Төрағасы және тұрақты мүшелері;
2) Кеңес жанындағы Сот жюриінің төрағасы (бұдан әрі – Сот жюриі);
3) Кеңес хатшысы – аппарат басшысы.

3. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша осы Регламентте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Дата публикации
23 декабря 2024