Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген сот төрағасының, сот алқаларының төрағалары мен судьясының, кассациялық соттың төрағасы мен судьясы, Жоғарғы Сот судьясы мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру
ҚАҒИДАЛАРЫ
- Аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – аудандық сот) төрағасының, облыстық және оған теңестіріліген сот (бұдан әрі – облыстық сот) төрағасының, сот алқаларының төрағалары мен судьясының, кассациялық соттың төрағасы мен судьясы, Жоғарғы Сот судьясы мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервіне (бұдан әрі – кадр резерві) қабылдау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
1-1. Кадр резервіне қабылдау үшін іріктеу рәсімдеріне жіберілген судьялар кадр резервіне қабылдауға кандидаттар (бұдан әрі – кадр резервіне кандидаттар) болып табылады.
- Кадр резервіне «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының біліктілік талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін, жұмыс көрсеткіштері жақсы, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеті бар жұмыс істеп жүрген судьялар қабылданады.
- Кандидаттарды бағалау және іріктеу кезінде, сондай-ақ олардың кандидатураларын Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) отырыстарында, Жоғарғы Соттың, облыстық соттардың жалпы отырыстарында судьялардың бос орындарына талқылау кезінде басымдық кадр резервінде тұрған судьяларға беріледі.
- Судьяларды кадр резервіне қабылдау жөніндегі іріктеу жұмысты ұйымдастыру үшін Кеңес жанында Кадр резерві жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.