Сот жюриінің
РЕГЛАМЕНТІ
Осы Сот жюриінің Регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі - заң), Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Сот жюриі туралы Ереженің негізінде әзірленді және Сот жюриінің жұмысын ұйымдастыруды, Сот жюриінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарауды, отырыстарды өткізуді, шешімдерді қабылдауды және іс қағаздарын жүргізуді айқындайды.