Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
- Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
- Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Аппарат басшысы өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өкім шығарады.
- Аппараттың құрылымын Кеңестің Төрағасы бекітеді. Аппараттың жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.03.2019 № 880 Жарлығымен.
- Аппараттың заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 1В-кіреберіс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 10.09.2019 № 151 Жарлығымен.
- Аппараттың толық атауы – "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
- Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
- Аппаратқа өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау жөнінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.