Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
- Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережені және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісінше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы және Аппарат басшысы бекітеді.
Дата публикации
14 октября 2019