
1976 жылы 25 ақпанда дүниеге келген.
1997 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында «ДЮКАС ЛТД» ЖШС-де заң кеңесшісі ретінде бастады.
1997 жылдан 2000 жылға дейін – Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасы адвокатының көмекшісі.
2000 жылдан 2015 жылға дейін – Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі.
2000 жылдан 2006 жылға дейін – «Беля» Адвокаттық кеңсесі мекемесінің құрылтайшысы әрі адвокаты.
2015 жылдан 2018 жылға дейін – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы №2 аудандық сотының судьясы.
2018 жылдан 2021 жылға дейін – Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін – Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 маусымдағы №907 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.