
1964 жылы 29 қазанда дүниеге келген.
1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы «Шебер» құрылыс кооперативінде заңгер ретінде бастады.
1991 жылдан – адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі.
1994 жылдан – мемлекеттік арбитр, Алматы қалалық арбитраждық сотының судьясы.
1995 жылдан – Алматы қалалық сотының судьясы.
2000 жылы Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.
2002 жылдан 2008 жылға дейін – Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
2008 жылдан 2010 жылға дейін – Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
2010 жылдан 2011 жылға дейін – Ақтөбе облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы.
2011 жылдан 2016 жылға дейін – Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.
2016 жылдан 2021 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы.
2021 жылдан 2023 жылға дейін – Алматы қалалық сотының судьясы.
2023 жылдан бүгінгі күнге дейін – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 907 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.