Қазақстан Республикасының жер заңнамасында қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін берудің ерекше тәртібі көзделген.
Мұндай жерлерге әскери бөлімдерді, әскери полигондарды, қорғаныс объектілерін, арнаулы мемлекеттік органдарды және елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да объектілерді орналастыру және олардың қызметі үшін қажетті учаскелер жатады.
Аталған мақсаттар үшін жер учаскелерін облыстардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен береді.
Учаскені таңдау кезінде оның орналасқан жері, ауданы, нысаналы мақсаты, жерге қолданыстағы құқықтары, сондай-ақ аумақты тиісті мемлекеттік қажеттіліктер үшін пайдалану мүмкіндігі ескеріледі.
Жер учаскесін беру жерге орналастыру құжаттамасын дайындауды және мүдделі мемлекеттік органдармен қажетті келісуді қоса алғанда, заңнамада көзделген рәсімдер өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Егер қорғаныс немесе ұлттық қауіпсіздік объектісін орналастыру үшін азаматтардың не заңды тұлғалардың жеке меншігінде немесе жер пайдалануында тұрған жер учаскесі қажет болса, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталуы мүмкін.
Мұндай иеліктен шығаруға Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі. Меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға алдағы иеліктен шығару туралы алдын ала хабарланады.
Бұл ретте мемлекет иеліктен шығарылатын жер учаскесінің және ондағы жылжымайтын мүліктің құнын, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда өзге де шығындарды өтеуді қамтамасыз етеді.
Егер меншік иесі өтемақы мөлшерімен не иеліктен шығарудың басқа шарттарымен келіспесе, туындаған дау заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
Осылайша, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін жер беру және алып қою мемлекеттік мүдделерді ескере отырып және сонымен бірге меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды құқықтарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Маңызды: мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою учаскенің заңда белгіленген рәсімсіз және тиісті өтеусіз алынуы мүмкін дегенді білдірмейді. Әрбір осындай жағдай Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын сақтай отырып, жеке қаралады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жалған инвестициялық платформаларда, deepfake технологияларын, сондай-ақ бұрын
жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтерді пайдалана отырып, азаматтарды қаржылық алаяқтыққа тарту бойынша интернет алаяқтардың күшейе түсуі туралы ескертеді.
Егер бұрын шабуылдаушылар «Қазатомөнеркәсіптің» фишингтік сайттарын пайдаланса, бүгінгі таңда киберқылмысшылар екінші деңгейлі банктердің, ірі құрылыс фирмаларының жалған инвестициялық
платформаларын жасап, deepfake технологиясының көмегімен танымал тұлғалардың суретін, бейнесін немесе дауысын пайдаланып, азаматтардың ақшасын иелену үшін алаяқтық платформаларды ілгерілетуде.
Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде адал емес брокерлерден зардап шеккендерге ақша қаражатын қайтару бойынша қызметтер белсенді түрде жарнамалануда.
Алайда, бұл инвестиция салу нәтижесінде қаражатынан айырылған азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема.
Сақ болыңыз!
Ақша қаражатын сақтау үшін мыналар ұсынылады:
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Ақпараттық хабарлама
Глубокое ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді.
Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарына рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес болуы тиіс, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36716 болып тіркелді.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес жұмыс күн ішінде 2026 жылғы 09 ақпаннан 2026 жылғы 27 ақпанға дейін ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 13 «Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, мекенжайы бойынша жүзеге асырылады, телефоны 8 (72331) 2-16-41.
Конкурстық өтінімдері бар конверттер 2026 жылғы 02 наурызда сағат 10.00-де ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 11А, мекенжайында (аудандық әкімдіктің ғимаратында) ашылатын болады.
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста:
өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша екі өтінімнен кем келіп түскен;
Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.
Жер учаскелерінің тізбесі
|
№ |
Ауданы, га |
Ауыл шаруашылық мамандануы |
Жалға беру мерзімі, жыл |
Топырақ сипаттамасы, топырақ бонитетінің балы |
Суқамтамасыздық |
Жер телімінің орналасқан жері |
Шектеулер мен ауыртпалықтар |
|
1 |
Телім ауданы 5,0 га – егістік. |
Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы |
10 |
59 |
Суландырылған |
ШҚО, Глубокое ауданы, Кожохово ауылының селитебтік аймағынан оңтүстік-шығысқа 2,1 км қарай |
Кепілге беруді қоспағанда, жер пайдалану құқығын беруге және иеліктен шығаруға тыйым салу. |
|
2 |
Телім ауданы 5,0 га – егістік. |
Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы |
10 |
59 |
Суландырылған |
ШҚО, Глубокое ауданы, Кожохово ауылының селитебтік аймағынан оңтүстік-шығысқа 2,2 км қарай |
Кепілге беруді қоспағанда, жер пайдалану құқығын беруге және иеліктен шығаруға тыйым салу. |
«Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 09.02.2026 жылы конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізімі
|
Лот № |
Есеп кварталы, жер телімінің орналасқан орны |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Ауыл шаруашылығы мамандануы |
Бекітілгенкөлемі, жалдау мерзімі
|
Ауыл шаруашылық алқап түрлері оның ішінде |
Топырақтың сапалы сипаттамасы Бонитет балы |
Сумен қамтылуы |
|||
|
егістік |
жайылым |
шабындық |
басқа да жерлер |
|||||||
|
1 |
05-069-003 есепті кварталы Ақарал ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10,0 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін |
Мал шаруашылығы
|
99,9 10 жыл |
|
69,4 |
30,4 |
0,1 |
Қоңыр түсті б/б 25 |
жоқ |
|
2 |
05-069-003 есепті кварталы Шүршітсу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 23,4 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін |
Мал шаруашылығы
|
299,7 10 жыл |
|
295,9 |
|
3,8 |
Қоңыр түсті б/б 25 |
жоқ |
|
3 |
05-069-006 есепті кварталы Айнабұлақ ауылынан шығысқа қарай 4,0 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін |
Өсімдік шаруашылығы
|
10,8 10 жыл |
7,6 |
3,1 |
|
0,1 |
Ашық каштан түсті б/б 49 |
бар |
|
4 |
05-069-029 есепті кварталы Аққойын ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17,9 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін |
Мал шаруашылығы
|
174,5 10 жыл |
|
154,9 |
|
19,6 |
Ашық каштан түсті б/б 33 |
жоқ |
|
5 |
05-069-016 есепті кварталы Қарасай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13,0 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін |
Мал шаруашылығы
|
248,3 10 жыл |
|
226,0 |
10,7 |
11,6 |
Ашық каштан түсті б/б 29 |
жоқ |
|
6 |
05-069-016 есепті кварталы Жарсу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,7 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін |
Өсімдік шаруашылығы
|
12,1 10 жыл |
12,1 |
|
|
|
Ашық каштан түсті б/б 32 |
бар |
|
7 |
05-069-016 есепті кварталы Қарасай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13,5 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін |
Мал шаруашылығы
|
116,1 10 жыл |
|
102,4 |
|
13,7 |
Ашық каштан түсті б/б 29 |
жоқ |
|
8 |
05-069-026 есепті кварталы Айнабұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,2 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін |
Өсімдік шаруашылығы
|
23,7 10 жыл |
23,2 |
0,5 |
|
|
Ашық каштан түсті б/б 52 |
бар |
|
9 |
05-069-026 есепті кварталы Шүршітсу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 13,8 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін |
Мал шаруашылығы
|
242,3 10 жыл |
|
230,7 |
|
11,6 |
Ашық каштан түсті б/б 27 |
жоқ |
|
10 |
05-069-022 есепті кварталы Зайсан қаласынан қаласынан солтүстікке қарай 2,2 шақырым |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін |
Өсімдік шаруашылығы
|
12,2 10 жыл |
12,2 |
|
|
|
Ашық каштан түсті б/б 25 |
бар |
ЕСКЕРТПЕ
Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ бір жыл ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздары жіберіледі.
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Конкурстық ұсыныста:
1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім және конкурстық ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары" талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Мынадай жағдайларда конкурс өткізілмеді деп танылады:
- конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа екіден кем өтінім келіп түскен жағдайда;
- егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген болса.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2026 жылдың «19» қаңтарынан бастап 2026 жылдың «06» ақпан аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.
Конкурсқа тапсырылған конверттерді ашу күні 09.02.2026 жылы сағат 14:30 де, ШҚО, Зайсан қаласы, Қонаев көшесі №54 мекен-жайда орналасқан Зайсан ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
Толық ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Қабанбай көшесі №10А мекен-жайында орналасқан «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8(72340) 27-211 немесе Зайсан ауданы әкімінің ресми сайтынан (www.zaysan.vko.gov.kz) алуға болады