
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабының 2020 жылғы 16сәуірдегі № 1/192 хаттамалық шешімі Шығыс Қазақстан облысының аумағында карантин енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 1-тармағын басшылыққа алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, ШҚО бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушының 2020 жылғы16 сәуірдегі № 3 «Шығыс Қазақстан облысының аумағында карантин енгізу туралы» қаулысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында коронавирус инфекциясының(COVID-19) одан әрі таралуының алдын алу мақсатында:
облыстық Төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабымен шешім қабылданды:
Блокпосттарды ұйымдастыру үшін жауапкершілік ШҚО полиция департаментіне жүктелсін.
1) жұмысы штаттық режимде жалғастырылуы тиіс азық-түлік бөлімдерін, дәріханаларды және банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерін қоспағанда ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, отбасылық демалыс орталықтары, әмбебап және азық-түлік емес базарлар, оның ішінде осы объектілердің ғимаратында орналасқан, автожуулар, техникалық қызмет көрсету станцияларының;2) онлайн тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донерлік, барлар);3) түнгі клубтар, барлар, кальян орындары;4) білім беру орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалардың бос уақытын өткізу орындары, барлық меншік нысанындағы балабақшалар және т. б.;5) ойын-сауық объектілері (интернет-клубтар, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квесттер, антикафе, боулинг-орталықтар және т. б.);6) меншік нысанындағы спорт объектілері (фитнес, йога, бассейндер, тирлер, атыс орындары және т. б.);7) қызмет көрсету саласындағы объектілер (шаштараздар, сұлулық салондары, СПА, массаж орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар т. б.);8) кинотеатрлар мен театрлар;9) онлайн тапсырыс беру және жеткізу мүмкіндігі бар автосалондар, автобазарлар;10) онлайн тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, құрылыс компанияларына қызмет көрсететін көтерме қоймалардан басқа, құрылыс материалдарын бөлшек саудада өткізудің сауда нүктелері;11) түсті және қара металдардың сынықтарын қабылдау пункттері;12) компьютерлік, тұрмыстық техниканы, жабдықтарды және ұялы байланысты сату және жөндеу жөніндегі салондар;13) кір жуу, химиялық тазарту қызметтерін ұйымдастыру;14) ломбардтар;15) гүл өнімдерін сататын сауда нүктелері.
1) бұқаралық, салтанатты, еске алу іс-шаралары;2) көрмелер, форумдар, конференциялар және т. б.
1) күндізгі уақытта қызметтік көлік пен қоғамдық көлік, арнайы рұқсаттамасы бар жеке көліктерден басқа автомобильдердің қозғалысы шектелсін және түнгі уақытта сағат 21.00-ден 05.00-ге дейін тоқтатылсын;2) жеке тұлғалардың жеке көлігінің қозғалысы шектелсін. Азаматтардың жеке автокөлікпен жүріп-тұруы мемлекеттік нөмірлік белгіге «нөмірдің соңғы санының жұп, тақ сандарының» қағидаты бойынша байланыстыра отырып ұйымдастырылсын. Жұп күндер бойынша нөмірлері жұп санға аяқталатын автомобильдердің, тақ күндер бойынша нөмірдің соңында тақ санмен аяқталатын автомобильдердің жол жүруіне рұқсат етілсін;3) қызметтік және қоғамдық көлікті, сондай-ақ арнайы рұқсаты бар жеке көлікті қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері, мереке күндері жеке көліктің жүруіне тыйым салынсын;4) осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген Өскемен, Семей қалаларында автокөліктің шектелуін бақылауды 49 негізгі магистральдық тораптық қиылыстарда жүзеге асырсын (Өскемен қаласы - 25, Семей қаласы -24).
1) босатылған қоғамдық көлікті өндірістің үздіксіз циклі бар кәсіпорын персоналын бекітілген кестелер мен бағыттар бойынша жұмыс орнына жеткізу үшін әрбір көлік құралы бойынша жауапты тұлғаларды бекіте отырып пайдалансын;2) әрекет ететін қоғамдық көліктің әрбір бағыты бойынша кәсіпорындарға, ұйымдарға қызметкерлерді тасымалдау үшін арнайы рұқсаттама алынсын;3) кестеден, маршруттан ауытқуға жол берілмесін.
Рұқсаттама жеке куәлігі болған жағдайда ғана жарамды.Ескерту: II үлгідегі арнайы рұқсаттама қала аумағында тұрғындар қозғалысы үшін арналған. Бір пәтерге/үйге 1 арнайы рұқсаттама беріледі. Арнайы рұқсаттамасы қолында бар тұлға сауда объектілерінен, дәріханаларға баруға және сауда жасауға, банктер қызметтерін қолдануға мүмкіндігі бар. Рұқсаттаманы бір апта ішінде аптасына 3 реттен артық емес қолдануға болады. Мұнымен қоса қала тұрғындарының 50 пайызы жасыл түсті рұқсаттама алады, ол айдың жұп санды күндерінде сауда жасау үшін үйден шығуға құқық береді. Тұрғындардың қалған бөлігі ақ түсті рұқсаттама алады, ол айдың жұп санды күндерінде сауда жасау үшін үйден шығуға құқық береді.Рұқсаттаманы пайдалану жиілігін тексеру, сонымен қатар оны жабу Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне жүктеледі. COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының жағдайы өзгерген жағдайда рұқсаттамалар бойынша қозғалыс режимі өзгертілуі мүмкін.Аудандар, қалалар аумағында карантин әрекет етуде кезеңінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне (осы хаттамаға 3 қосымша) қызметтік өкілеттіктерін атқару барысында қызметтік куәлігін көрсеткенде кедергісіз жүрулеріне рұқсат берілсін.
Адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығы ашылсын.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 1/192 хаттамалық шешіміне 1 қосымшаШығыс Қазақстан облысының әкімі–
Төтенше жағдайға жедел ден қою шұғыл штабының басшысы
Д. Ахметов