Ауыл шаруашылық жерлерінің ғарыштық мониторингі

Ауыл шаруашылық жерлерінің ғарыштық мониторингі

Ағымдағы жылдың 3 қарашасында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қалалар мен аудандардың жер қатынастары бөлімдерінің, ШҚО жер ресурстарын басқару департаментінің, ШҚО жер қатынастары басқармасының басшылары мен мамандарының қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мониторингін жүргізу үшін «JerInSpectr» немесе «Инспектор кабинеті» цифрлық платформаның жұмысы таныстырылды.

Әзірленген «Инспектор кабинетінде» пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және оларға қатысты одан әрі профилактикалық бақылау жүргізу жөніндегі жұмыс жүзеге асырылатын болады.

Бұл платформаның тиімділігі – ол ғарыштық түсірілім деректерін, картографиялық материалдарды, кадастрлық мәліметтерді, жер балансынан алынған ақпаратты электрондық құжат айналымына енгізе отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес цифрланған бизнес-процестермен біріктіреді.