2022 жылғы 28 маусымда ШҚО жер қатынастары басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы «ШҚО ауыл шаруашылығының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайырхан Қайдарұлы Байбудиновтың қатысуымен Басқарма қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізді. Басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына байланысты жағдайлар мен себептерді анықтау және азайту бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.
Талдау нәтижелері бойынша кадрлардың ауысуына, қызметкерлерді бос лауазымдарға қабылдауға, өтініштерге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты 9 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Әрбір сыбайлас жемқорлық тәуекелі бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген мерзімдерде іске асырылатын 15 ұсыным айқындалды. Ұсыныстардың орындалуын басқарма басшылығы ерекше бақылауға алды.