Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жер қоры

Есеп Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 25 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды жер балансы бойынша толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жасалды.

Шығыс Қазақстан облысы жер қорының құрылымы. Шығыс Қазақстан облысының аумағы 28 322,6 мың га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 12 256,7 мың га; елді мекендер жері – 2 947 мың га; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 138,2 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер – 1 688,2 мың га; орман қорының жері – 2 153,9 мың га; су қорының жері – 571,1 мың га; босалқы жерлер – 8 591,4 мың га.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамында ауыл шаруашылығы алқаптары 11 994,9 мың га құрайды (оның ішінде: егістік – 1489,9 мың га, көпжылдық екпелер – 0,7 мың га, тыңайған жерлер – 83,5 мың га, шабындықтар –  501,2 мың га, жайылымдар – 9 919,6 мың га, басқа алқаптар – 261,8 мың га).

Шаруа (фермер) қожалықтарының саны 16 329 құрайды, олар 9 685,3 мың га алаңды алып жатыр.

Ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 2 350,4 мың га алаңда 865-ті құрайды.

Елді мекендер жері. Елді мекендер жерінің ауданы 2 947,1 мың га құрайды.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлердің ауданы 138,3 мың га құрайды. 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері. Осы санаттағы жерлердің ауданы 1 688,2 мың га құрайды.

Орман қорының жері. Орман қоры жерінің жалпы ауданы 2153,9 мың га.

Су қорының жері. Осы санаттағы жерлердің ауданы - 571,2 мың га құрайды.

Босалқы жерлер 8591,5 мың га құрайды.

Дата публикации
18 апреля 2022
Дата обновления
18 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 апреля 2026
Жер қатынастары саласында тағы 3 мемлекеттік қызмет БМЖМК арқылы онлайн қолжетімді
Баяндама
05 марта 2024
Қандастарға жер учаскелерiн беру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Instagram парақшасы:

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы