«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, мекенжайында орналасқан басқарманың ғимараты 609-кабинетте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылғанын назарларыңызға жеткізеді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында жеке және заңды тұлғалар жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға электрондық үкімет порталы арқылы ӨЗ БЕТІНШЕ өтініш бере алады. Сонымен қатар, бұл жерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тиісті түрде өтініш беруге және ресімдеуге көмектесе алатын басқарма мамандарына жүгінуге болады.
Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі, өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру:
- жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру
ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру
елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру
жер учаскелерін жеке меншікке бір уақытта не бөліп-бөліп сату