Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымы

2020 жылғы 1 қараша жағдайы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жер қоры

Шығыс Қазақстан облысының аумағы 28322,6 мың га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 11957 мың га; елді мекендер жері – 2947,1 мың га; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 135,9 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер – 1551,8 мың га; орман қорының жерлері – 2153,9 мың га; су қорының жерлері – 571,2 мың га; босалқы жерлер – 9029,9 мың га.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. 2019 жылмен салыстырғанда осы санаттағы жерлер шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы құралымдарына, азаматтарға шөп шабу және мал жаю үшін жер учаскелерін беру есебінен 886,2 мың гектарға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрамында ауыл шаруашылығы алқаптары 11710 мың га құрайды (оның ішінде: егістік -1473,8 мың га, көпжылдық екпелер – 0,7 мың га, тыңайған жерлер – 81,2 мың га, шабындықтар– 488,7 мың га, жайылымдар – 9665,6 мың га, өзге де алқаптар – 247 мың га).

Шаруа (фермер) қожалықтарының саны 16362 құрайды, олар              9559,1 мың га алаңды алып жатыр. 2019 жылмен салыстырғанда шаруа (фермер) қожалықтары 944-ке ұлғайды, 566,9 мың га алаңдағы жерлердің ұлғаюы жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға беру және жаңа ауыл шаруашылығы құрылымдарын ұйымдастыру есебінен.

Ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 2216,5 мың га алаңда       740 құрайды, 2019 жылмен салыстырғанда заңгерлік агроқұрылымдар жалпы 121-ге ұлғайды, алаңы 146,9 мың га ұлғайды.

Елді мекендердің жерлері. Елді мекендер жерінің ауданы 2947,1 мың га құрады. Елді мекендердің шекарасын белгілеу есебінен аудан 6 мың гектарға азайды.

Елді мекендердің саны – 719 құрайды, 2019 жылмен салыстырғанда елді мекендердің санын қысқарту және нақтылау есебінен 17-ге азайды:

- Аягөз ауданында – статистика деректерімен салыстыру негізінде 1 елді мекен қосылды;

- Бородулиха ауданында – 5 елді мекен таратылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 427 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/388-VI шешімі);

- Алтай ауданында – 1 елді мекен таратылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 427 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/388-VI шешімі);

- Көкпекті ауданында – 2 елді мекен таратылды (Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/379-VI бірлескен шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 387 қаулысы);

- Күршім ауданында – 5 елді мекен таратылды (Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/379-VI бірлескен шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 387 қаулысы);

- Ұлан ауданында – 2 елді мекен таратылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 388 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/382-VI шешімі);

- Үржар ауданында – 2 елді мекен таратылды (Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/402-VI бірлескен шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 428 қаулысы);

- Шемонаиха ауданында – 1 елді мекен таратылды (Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/379-VI бірлескен шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 387 қаулысы).       

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлердің ауданы 135,9 мың га құрайды.  2019 жылмен салыстырғанда жалдау мерзімінің аяқталуы және кәсіпорындарды тарату есебінен осы санаттағы жерлердің 8,9 мың гектарға азаюы байқалады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері. Осы санаттағы жерлердің ауданы 2020 жылы 9,7 мың гектарға ұлғайды және 1551,8 мың га құрайды.

9,5 мың гектарға ұлғаю «Семей Орманы» МТР пен Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағын ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес келтіру есебінен болды.

Орман қорының жерлері. 2020 жылы орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 2153,9 мың га құрады.

Су қорының жерлері. Осы санаттағы жер ауданы өзгерген жоқ және    571,2 мың га құрайды.

Босалқы жерлер 9029,9 мың га құрайды, 2019 жылмен салыстырғанда жердің басқа санаттарына ауыстыру есебінен 881 мың гектарға азайды.

 

Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы. Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 22655,6 мың га құрады.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымында егістіктің үлес салмағы – 1495,5 мың га, тыңайған жерлер – 213,9 мың га, көпжылдық екпелер – 5,8 мың га, шабындықтар-1058,9 мың га, жайылымдар-19881,5 мың га құрайды.

Егістік жерлердің ауданы жайылымдар мен шабындықтардан ауыстыру есебінен жалпы 6,9 мың гектарға ұлғайды, Бесқарағай ауданында – 6,35 мың гектарға ұлғайды, Жарма ауданында – 0,15 мың гектарға ұлғайды, Ұлан ауданында – 0,2 мың гектарға азайды, Шемонаиха ауданында – 0,2 мың гектарға ұлғайды, Семей қаласында – 0,4 мың гектарға ұлғайды.

Шабындық алаңы 4,8 мың гектарға азайды, жайылым алаңы 9,1 мың гектарға азайды.

 

Суармалы жерлердің ауданы 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 195,9 мың га құрайды, өзгерістер Семей қаласындағы суармалы егістікке  0,1 мың га ауыстыру есебінен болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 января 2021
Дата обновления
04 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 апреля 2026
Жер қатынастары саласында тағы 3 мемлекеттік қызмет БМЖМК арқылы онлайн қолжетімді
Баяндама
05 марта 2024
Қандастарға жер учаскелерiн беру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Instagram парақшасы:

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы