Жалпы ережелер:
1. Жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыыстарды дайындау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады;
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Коституциясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлімнің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарм басшысымен бекітіледі.
4. Бөлімде құрылымдық бөлімшелер қарастырылмаған.