Меню

Страницы

Статья

Дене шынықтыру және спорт

Қазіргі таңда  аудан бойынша дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі 32,4 пайызды, ал 7-18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен балалардың үлесі 16,8 пайызды  құрап отыр. Бұқаралық спортты дамыту барысында жыл басынан бері 93 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтқанда, 42 аудандық, 14 облыстық, 1 республикалық және 1 халықаралық деңгейде. Аталмыш жарыстарға барлығы 7 мыңнан аса адам қатысты.

Бүгінгі күні ауданда 109 спорттық нысан бар, оның 71 ауылдық елді мекенде орналасқан. Ал, 23 нысан орта білім беру мектептерінің спорт залдары.

Аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін тек жабық жүзу бассейнінен басқа жоғарыда аталған барлық спорттық нысандар ақысыз түрде қызмет көрсетеді. Жабық жүзу бассейні ересектерге ақылы түрде, оқушыларға тегін қызмет көрсетсе, 29 жасқа дейінгі жастарға 50 пайыз жеңілдік жасалынып отыр.

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 6 түрінен, аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығында 11 түрінен спорттық үйірмелер ақысыз жұмыс жасайды және үйірмелердің кестесі  екі ауысымда оқитын оқушылар  үшін де ыңғайлы жасалынған.

Аталмыш мекемелердің жаттықтырушылары тек мектеп жасындағы оқушылар мен жасөспірімдермен ғана емес, сонымен қатар,  аудан жастарымен де жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Осы мақсатта аудан мектептерінің спорт залдары сабақтан тыс кешкі уақытта аудан мекемелеріне кесте бойынша апта күндеріне бөлініп, жауапты жаттықтырушы бекітіліп берілген.

Аудандық спорт мектебі мен  аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығының 6 спортшысы республика, 25 тәрбиеленушісі облыс чемпиондары атанып, футболдан жасөспірімдер командасы 2 дүркін облыс чемпиондары атанды.  Сонымен қатар,  дзю-до күресінен Азия Кубогінде 1 спортшымыз 5 орын иеленсе, гір көтеру спортынан Өзбекстан мемлекетінің Хива қаласында 14 мемлекеттің қатысуымен өткен Азия чемпионатында І орын иеленген Қазақстан құрамасының сапында ауданымыздан 5 спортшы өнер көрсетіп, 4 спортшымыз алтыннан алқа тақты және 1 спортшымыз Азияның жаңа Рекордын орнатты.

Қазіргі таңда, аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығының 20 спортшысы, ал аудандық спорт мектебінің 9 оқушысы спорт шеберлігіне үміткер атағын орындаса, спорт мектебінің 1 оқушысы еркін күрестен спорт шебері атағын иеленді.

Дата публикации
17 февраля 2020
Дата обновления
17 февраля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ-2026
26 февраля 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБЫҢЫЗ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы