Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дамудың Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру нәтижелері еліміздегі әлеуметтік қорғау жүйесінің озық әлеуметтік үрдіске өтуінің өзектілігін және маңыздылығын көрсетті. Егеменді еліміздің тұғырлы да тұрақты дамуы үшін, Елбасының сындарлы саясатын жергілікті жерде іс жүзіне асыру бәріміздің ортақ міндетіміз.
Елбасының алға қойған міндеттерін, облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында аудандық әлеуметтік сала аудан тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік қорғау жүйесінде үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Кез келген мемлекет әлеуметтік саланы дамытудың тиімді моделін құруға тырысады және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі-сол елдің жоғары өмір сүру стандарттарының қарқынды дамуы болып табылады.
Бұл бағытта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Зайсан ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы, қала, ауыл әкімшіліктерімен және мекеме басшыларымен бірлесе отырып жұмыстар атқарады. 2019 жылға әлеуметтік салаға 781758,8 мың теңге бөлінді.
2019 жылдың басынан жұмыс іздеуші ретінде 1937 адам тіркелген, оның ішінде жұмыссыз статусын алғандар 407 адам.
Жыл басынан 1803 адам тұрақты және мезгілдік жұмыспен қамтылып, сәйкесінше жұмысқа орналастыру деңгейі 93 % құрады.
2020 жылдың 01 қаңтарына жұмыссыздар саны 84-і құрап, жұмыссыздардың экономикалық белсенді халықтың ішіндегі үлес салмағы 0,5 % болды
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерінен 315 адам оқуға жіберіліп, сертификат алды.
«Жаңа бизнес идеяларды» іске асыру ережесіне аясында Зайсан ауданы бойынша грант иегерлері атанған 198 адамға 96455,0 мың теңге аударылып төленді.
2019 жылы Зайсан ауданына қоныстанатын 31 оралмандар отбасы құрамында 81 адамы бар және жұмыс күші артық өңірлерден қоныстанатын 16 отбасына құрамында 26 адамы бар азаматтарға көшу шығынын өтеуге 6905,0 мың теңге қаражат бөлініп, игеру жоспарланған. Бүгінгі күні 22 отбасына құрамында 67 адамы бар азаматтарға көшу шығынына 3712,0 мың теңге қаражат төленді.
Зайсан ауданына жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден қоныстанған азаматтар барлығы 27 отбасы құрамында 42 адамы бар азаматтар өңірлік комиссиядан өтіп, 6660,0 мың теңге қаражат аударылып төленді.
Қоныс аударушылардың жұмысқа қабілеті бар 25 азамат аудан бойынша бос жұмыс орындарына орналастырылды.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары - жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға негізінен тазалық, көркейту, көгалдандыру, ағымдағы жөндеу жұмыстарына жіберу қарастырылған.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2019 жылы 480 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп, аудандық бюджеттен 43315,0 мың теңге игерілді.
2019 жылы жастар практикасына өтуге жыл басынан 51 жұмыссыз жас маман жастар практикасына қатыстырылып 11389,0 мың теңге және 37 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 7482,0 мың теңге игерілді
Бүгінгі күнге Зайсан ауданы бойынша пробация қызметі түзету мекемелері және жұмыспен қамту бөлімі арасында «Бірлескен жоспар» бойынша тығыз байланыс орнаған. Ағымдағы жылы Зайсан аудандық пробация қызметі әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарамасын жолдау арқылы 29 адам жұмыссыз ретінде есепке тұрды, оның ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған- 25 адам, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған- 4 адам. Жыл басынан пробация қызметінің есебінде тұрған- 7 адам қоғамдық жұмысқа, 7 адам тұрақты жұмыстарға орналасты. (Оның ішінде 2-і квота бойынша ЖШС «СМУ-Шығыс, ЖШС «Зайсан құрлыс компаниясы»).
Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Зайсан ауданының әкімдігі, аудандық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы, білім беру саласының қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, аудандық ауыл шаруашылығы еңбеккерлері кәсіподақ комитеттерінің үйлестіру кеңесі және кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған келісім бекітілді. аудан бойынша әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның жоспары бекітіліп, жоспар аясында атап айтқанда; Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі; табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын іске асыру мақсатында кәсіпорындарда және мекемелерде жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысының өсуі, жалақы бойынша қарыздарды жоюға арналған шаралар туралы және аудан кәсіпорындарынан еңбек заңнамасының сақталуы туралы жоспар аясында отырыстар өткізілді .
Аз қамтылған отбасыларға «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес, Зайсан ауданы бойынша 2019 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 48000,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 392361,0 мың теңге,облыстық бюджеттен 60846,0 мың теңге, ұлттық қордан 156378,0 қаражат қаралған. Жыл басынан жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 1173 отбасының 5829 алушысына 657 585, 0 мың теңге тағайындалып төленді.
Сондай-ақ табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін ағымдағы жылдың 12 айына 32 отбасына 1083,9 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.
Аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж 141 адамға 2780,0 мың теңге материалдық көмек төленді.
2019 жылдың 12 айына туберкулезге шалдыққан 12 адамға 2029, 7 мың теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мақсатында 36 балаға айына 10100 теңгеден төленіп, барлығы 2989,6 мың теңге қаражат игерілді.
Халықаралық 8 наурыз мерекесіне «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған Батыр аналарға, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар 1643 анаға 20149,5 мың теңге біржолғы материалдық көмек толығымен игерілді.
Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілгендерге, Чернобыль АЭС радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған 101 адамға 8206,4 мың теңге материалдық көмек игерілді.
Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 3 студентке 743,0 мың теңге аударылды.
Ауданда бүгінгі күнге барлығы 1608 мүгедек адам бар, оның ішінде І- топ мүгедектері 108, ІІ-топ мүгедектері 801 адам, 3 топ мүгедектері 556 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 143.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР-ның 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 ІІІ Заңын жүзеге асыруға бағыталған жұмыстарды атқарып отыр. Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктер жасау бөлімнің басты міндеттердің бірі болып табылады.
Мүгедектерді оңалту медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясы әзірлеген оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүргізіледі және олар қажетті құралдармен қамтамасыз етілуде.
Жүріп-тұруында қиындықтары бар 1-топтағы 43 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі көрсетіледі. Ол үшін жергілікті бюджеттен 12872,0 мың теңге қаражат бөлінді. 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес демалу-сауықтыру орындарына жолдамалар беріледі. «Уба» шипажайында 169 зейнеткер мен мүгедектер емделуден өтіп, өз денсаулығын түзетіп қайтты.Сонымен қатар, жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес, «Қарағайлы» шипажайларында 29 мүгедек денсаулықтарын түзетіп қайтты.
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 62 тармағын орындау мақсатында Зайсан ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құру, оның ішінде осы мәселенің шешілуіне қоғамдық бақылауды күшейту бойынша 2019-2020 жылдарға жоспар жасалынды.
2019 жылға Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламаларды үйлестіру басқармасының бекіткен жоспары аясында аудан бойынша 17 әкімшілік нысандарға бейімдеу, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған. Бүгінгі күні 17 нысан бейімдеудің негізгі жұмыстарын аяқтады.
Азаматтық хал актілерін тіркеу секторымен 2019 жылы 1264 жаңа азаматтық хал актілері тіркелді. Оның ішінде 690-туу, 225- қайтыс болу,192-неке қию,84-неке бұзу, әкелікті анықтау-54, бала /қыз/асырап алу-8, тегін, атын,әкесінің атын өзгерту-11.Барлығы 2791 сұраныстарға жауаптар қайтарылды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша 3716 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: ХҚКО-2067, мемлекеттік органмен-977,онлайн режимінде-672. 2021,3 тенге мемлекеттік баж алымы өндірілді.
Бүгінгідей, еліміздің егемендігін әлемнің талай елдері үлгі тұтқан кезде мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауды ең басты назарда ұстап келеді.
Бөлім басшысы Ж.Кинашева