Меню

Страницы

Статья

Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл  шаруашылығы бөлімінің 2019 жылғы 1 тоқсанда атқарған  жұмыстары туралы анықтама

2019  жылдың 01 сәуіріне  ауданда 86919 бас ірі-қара (102,5%),  119829 бас қой-ешкі (101,5%), 26690 бас жылқы (124,9),  56600 бас  құс (100,1%) тіркелген, 2497,4  тонна ет (102,6%),  8421,1 тонна сүт (103,0%), 612,0 мың дана жұмыртқа (102,9%) өндірілді. 

         Аудан бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің жалпы   көлемі 3006,9 млн. теңгені (102,8%) құрады.         

 Ауданымызда асыл тұқымды малдар ірі-қарада – 2,3 %-ды, қой малында – 3,5 %-ды, жылқыда – 6,0 %-ды құрап отыр. 2019 жылы «Сыбаға»  бағдарламасы аясында Ресей Федерациясынан «Маметек» ШҚ 119 бас асыл тұқымды ірі-қара малдарын әкелді.  Ауданнан көптеген шаруашылықтар шет елдерден асыл тұқымды әкелуге несие қаражаттарын алуға атқаруда..

  Бүгінгі күннің өзекті мәселесі малдың сапасын жақсартып, оның өнімділігін арттыру. Малдың сапасын арттырудың негізгі жолы – мал тұқымын асылдандыру.Ауданда 15 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық бар. Қазіргі кезде ауданда асыл тұқымды ірі-қара малдарын өсіретін 7 шаруашылық «Ақбай» (жетекшісі С.Әбілғожина) «Ақмарал»  (жетекшісі А.Ахметжанова), «Ынтымақ-К» (жетекшісі Қ.Шалбарбаев), «Жомарт» (жетекшісі Н.Мусина), «Нұр-Асыл» (жетекшісі М.Қоқышев),  «Амрен» (жетекшісі Ж.Амренов),  «Тоғыз» (жетекшісі М.Утебаев),  асыл тұқымды жылқы малдарын өсіретін 4 шаруашылық («Амрен» Ж.Әмренов, «Түкібай» Қ.Әбілғожин, «Жасұлан 777» АШӨК Д.Мықиянов, «Есхат» Н.Бекет), асыл тұқымды қой малдарын өсіретін 2 шаруашылық («Қара Ертіс» Ж.Карыбаев, «Зайсан-Еділбай» А.Жұмақанов) және асыл тұқымды ара шаруашылығымен айналысатын 2 шаруашылық (Нұр-Асыл» Кокышев М, жеке кәсіпкер Салбанов А.) бар.  

  Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасына» сәйкес субсидия алуға жыл басынан 25 өтінім (4,450 млн.теңге) беріліп, субсидиялау қағидаларына сәйкес тексеріліп, облыстық ауыл шаруашылық басқармасына жіберілді. 

          Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының негізгі саласы мал шаруашылығы. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан мемлекеттік қолдаулар және несиелендіру мәселелері оң шешімін тауып отыр. Малдың барлық түрінің саны және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жыл сайын  тұрақты өсуде.

   Ауданында «Мұрагер» шаруа қожалығының 100 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы іске қосылып, қазіргі уақытта 50 бас сауылып «Зайсан-Сүт» ЖШС-нің сүт зауытына өткізілуде.

          Ауданда сүт жинап, өңдеп өнім шығаруды «Зайсан-Сүт» ЖШС-нің сүт зауыты атқарады. Сүт жеті ауылдық, бір қалалық округтен аумағынан жиналады. Мекеме жұмсақ қаптамадағы сүт, айран, кілегей, сарымай, ірімшік, балмұздақ шығарады. Аудандағы барлық мектептерді, балабақшаларды, шағын орталықтарды, «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-гін, бөлімін сүт өнімдерімен қамтып отыр,   және өндірілген өнімдер сауда желілері арқылы, сенбі күнгі жәрмеңкеде саудаланады.

           Ауданда 25 ауыл шаруашылық кооперативі құрылған құрамында 126 мүшесі бар.   Кооперативтер  меншігінде 2765  бас ірі-қара, 929 жылқы    және 21 әр түрлі  ауыл шаруашылық  техникалары тіркелген. «Жәнібек»  кооперативіне сүт қабылдау модулі іске қосылып жұмыстар атқаруда.

Биылғы жылы ауданда егіс көлемін 21700 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3% - ға өсті.  Атап айтқанда 2764 гектар жерге бидай, 1670 гектар жерге арпа, 450 гектар жерге сұлы, 882 гектар жерге тары, 283 гектар жүгері, 1950 гектар жерге күнбағыс, 616 гектар  соя, 330 гектар жерге мақсары, 8863 гектар жерге  көпжылдық шөп, 1306 біржылдық шөп, 455 гектар сүрлемдік жүгері, 1198 гектар жерге картоп, 665 гектар жерге көкөніс, 268 гектар жерге бақша дақылдарын егу жоспарланған. Ауданда 3000 гектар егістік жердің ылғалын жабу жұмыстары тұр. Қар толығымен кетіп, жер кеуіп техника жүретіндей жағдай болғанда бұл жұмыстар жүзеге асырылады.  Аудан бойынша  2019 жылдың   көктемгі егістікке дәнді-дақылдар егуге 1220  тонна тұқым қажет. Бүгінгі күнде  зертханаға тексеруге өткізіліп отырған тұқым 1101тонна (90%).

Зертханаға әкелінген 1101 тонна тұқымның 962 тоннасы тексерілді.Тексеруден өткен тұқымның 200 тоннасы 1 класты, 464 тоннасы 2 класты қалған 298 тоннасы 3 класты болып отыр. Ауыл шаруашылық құрылымдары қосымша өздеріне қажетті  тұқымды облыстың тұқым шаруашылықтарынан алуға  келісім жасасуда.Алынған элиталық жіне 1 репродукциялы  тұқымдарға  үкімет тарапынан шеккен шығындарының 70% өтеу қарастырылған.

Сондай-ақ биылғы жылы тыңайтқышқа және гербицидтерге субсидия беріледі. Шаруа қожалықтар алып жатқан жағдайда электронды түрде өтінімдерін жолдай алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту мақсатында техника алудың ұзақ мерзімдік лизингісін ұсынып отыр.  2018 жылы ауданға 16 ауыл шаруашылық техникалары  лизингке  және  өз  қаражаттарына  сатып әкелінді.     

Ауданның  техникалық  паркін  жаңалау  бағытындағы  жұмыстар  биылғы  2019 жылда да  өз  жалғасын  табуда.

Көктемгі  егіске  қатысатын ауыл шаруашылығы  техникаларының  дайындығын  тексеру   жұмыстары   жасалынуда. Бұған  қатысты   техникалық  байқау  кестесі  әзірленген, кесте   аудандық  баспасөз  басылымына  берілді.

 Ауыл шаруашылығы техникалары : Сеялкалар -75, культиваторлар -32,  соқалар-65,тырмалар-541, посевной комплекс – 1, Арық тарту – 33 бірлік  техникалары дайындық сапында.

Осы техникаларға көктемгі егіске: Ауданға сәуір айынан бастап  325 тонна дизель отыны көктемгі егіс жұмыстары аяқталғанша жеткізіліп тұрады.Алдағы уақытта егіс көлеміне қарай әр округке бөлінеді.

Көктемгі  егістік  жұмыстарының барысы  жоспарлы түрде   жүзеге асырылады және  тұрақты  бақылауда болады.

Тракторларды және олардың негізінде құралған механизмдерді басқару құқығына 43 куәлік берілді. Тракторларды және олардың негізінде құралған механизмдерді тіркеу және қайта тіркеу жөнінде 32 қызмет көрсетілді. Тракторларды және олардың негізінде құралған механизмдерді кепілге қою жөнінде 2 рет тіркеу және мемлекеттік кепілге қою туралы куәліктер берілді. Тракторларға және олардың негізінде құралған механизмдерге ауыртпалық артылғаны немесе артылмағаны жөнінде  5 мәліметтер берілді.

 

         2019 жылдың І тоқсанында    тұтастай өнеркәсіп өнімі  4945,7 млн. теңге болды. Кен өндіру және карьерлерді қазу 4622,5 млн.теңге, өңдеу өнеркәсібінің өнімі  153,5 млн.теңгені құрады.   
          Аудан тұрғындарына 171 дүкен, 14 дәріхана,  18 наубайхана,  12 қонақ үй, 6 жанар-жағар май станциясы, 27 қоғамдық тамақтандыру орны,    5 базар және 12 шаштараз қызмет көрсетеді.      Аудандық баға тұрақтандыру жөніндегі штаб отырысы 2019  жылдың І тоқсанында   13 рет өткізілді, жұмыстар жүргізілді.  Бағаны тұрақтандыруға байланысты 2019 жылға қала, ауыл округ әкімдері кәсіпкерлермен,  шаруа қожалықтарымен  191 меморандумдар  жасалды. Үстеме бағаны 10%-дан асырмай тұтынушыға сату туралы жасалған меморандумдардың орындалуы қадағалануда, сауда дүкендерінің иелерімен түсінік жұмыстары жүргізілуде. Бағаны тұрақтандыру жөніндегі комиссияның бөлінген топтары азық-түлік, өндірістік тауарларының, көкөністің, жанар-жағар май өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізуде.                 
         Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында сенбі сайын жәрмеңке өткізілуде. Жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы орталық базарға қарағанда 10-15%-ға төмен. 2019 жылғы     І тоқсанда 13 ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп,  74,2 млн.теңгенің  өнімі саудаланды.

Дата публикации
12 февраля 2020
Дата обновления
12 февраля 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ-2026
26 февраля 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБЫҢЫЗ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы