Меню

Страницы

Статья

Зайсан ауданының  дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2019 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар  туралы

Аудан бойынша жалпы 109 спорттық нысан бар, оның 71 ауылдарда орналасқан.

Қыркүйек айының есебі бойынша бөлімге қарасты Зайсан ауданы бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт  мектебінде  758 оқушымен барлығы 30 жаттықтырушы жұмыс істесе, аудандық  бұқаралық  спортты дамыту орталығында спорттың  11 түрі бойынша 752 бала жаттығуда.

Ауданда бойынша спортпен айналысатын халықтың үлесі 2019 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша  32,3 % құрады, ол дегеніміз 11914 адам.

Жыл басынан бері аудан спортшылары 60 облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысты.

Бұқаралық спортты дамыту барысында жыл басынан бері аудандық, облыстық деңгейде 51 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылса, оның ішінде ІІІ тоқсанда  өзінде 12 спорттық іс-шара өткізілді.  Атап айтқанда, Зайсан ауданының мүмкіндігі шектеулі жандардың ХІХ-шы ашық спартакиадасы, Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қаптағай батыр Түгелбайұлына ас беруге орай спорттық шаралар, ҚР Спорт күніне арналған гір көтеру мен армрестлинг бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы ШҚО жазғы Кубогі, Ауыл күніне арналған "Ауылым - алтын бесігім!" атты спорттық жарыстары, Баймұрат Бәйімбетұлының туғанына 310 жыл толуына орай қазақтың ұлттық спорт түрлерінен республикалық жарысы,   ШҚО әкімінің жүлдесі үшін өтетін Х-шы облыстық "Сәулетай" балалар спорттық ойындарына аудандық іріктеу жарыстары.

Аталмыш барлығы 1000 – нан астам спортшылар қатысты . Алдағы уақытта жыл соңына дейін бекітілген жылдық жоспарға сәйкес 20-дан аса спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Аудан көлемінде бұқаралық спортты дамыту алдымызға қойған басты міндеттеріміз  болып,  салауатты  өмір салтын насихаттау ақпараттық жұмыстарын жүргізу арқылы дені сау ұлт бейнесін қалыптастыру, халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына, спорттық кешендерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт ұйымдары мен спорттық  клубтардың  қарқынды жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жаңадан салынып жатқан спорттық нысандар есебінен аудандық спорттық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Сол үшін барлық спорт саласының қызметкерлері өз жұмыстарын жүйелі түрде бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды.

Зайсан ауданының  дене шынықтыру және спорт бөлімі

Дата публикации
12 февраля 2020
Дата обновления
12 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ-2026
26 февраля 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБЫҢЫЗ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы