Меню

Страницы

Статья

Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімінің 2019 жылдың 4 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Зайсан ауданында әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша 1 қала (аудан орталығы), 8 ауылдық округ, 37 елді мекен бар.

Жер қоры төмендегідей тәртіппен бөлінген:

  • Ауданның жалпы көлемі – 1 044 424 га, оның ішінде егіндік – 34 595 га, оның ішінде суармалы егіндік – 28 562 га, шабындық – 53 865 га, жайылымдық – 747 949 га.
  • Елді мекендер жері – 68 853 га
  • Өнеркәсіп және басқа да ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер – 3500 га
  • Орман қорының жері – 88077 га
  • Су қорының жері – 54571 га
  • Босалқы жер – 341 326 га

2019 жылдың 4 тоқсанында Зайсан аудандық жер қатынастары бөліміне заңды және жеке тұлғалардан барлығы 1850 өтініш пен қатынас хаттар келіп түсті, оның ішінде:

- аудан әкімінің кеңсе бөлімі арқылы 1324 өтініштер мен тапсырмалар;

- тікелей бөлімге 526 өтініштер мен сұраныс хаттар.

Олардың ішінде   666   қанағаттандырылып, 21 жер учаскелерін беруден бас тартылып, 79 түсіндірілді.

Бөлімнің ұйымдастыруымен жыл басынан 42 аудандық жер комиссиясының отырысы өткізіліп, 766 өтініш қаралып қорытынды берілді.

2019 жылдың  басынан бүгінгі күнге дейін жер учаскелерін пайдалану жөнінде 630 келісім шарт жасалды:

       - жалпы ауданы  54562,54 га, оның ішінде 9853 га егіндік, 1510 га шабындық,  43199,54 га жайылымдық жер учаскелері 181 шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға бекітіліп берілді. Жыл басынан бері 523 аудан әкімдігінің қаулысы дайындалды.

Бөлім арқылы 511 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

Атап айтқанда жерге орналастыру жобасын бекіту бойынша – 452 қызмет;

  • Жер учаскесінің қадастрлық құнын бағалу актісісін бекіту бойынша – 43 қызмет;
  • Жер учаскелерінің пайдалану мақсатын ауыстыру бойынша – 16 қызмет.

Аудандық жер қатынастары

бөлімінің басшысы                                                                  Е.Қайрақбаев

Дата публикации
12 февраля 2020
Дата обновления
12 февраля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ-2026
26 февраля 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБЫҢЫЗ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы