Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 2019 жылға арналған облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының әлеуметтік- экономикалық даму серпіні бойынша ішкі өңірлік талдау нәтижелерін қорытындылады. Қорытындыға сәйкес біздің аудан 2018 жылмен салыстырғанда (2018 жылы - 13 орын) 5 орынға көтеріліп, 8 орынға ие болды және даму қарқыны орташа аудандар қатарында.
2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданымыздың өнеркәсіптік кәсіпорындары 20 млрд. 13,0 млн. теңгенің өнімдерін өндірді, 2018 жылмен (20609,4 млн. теңге) салыстырғанда 2,9 %-ға төмен, табиғи көлем индексі – 88,4%. Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі ауданның үлесі 0,9%-ды құрайды.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуі - табиғи газ өндірудің 9,3%-ға (Сарыбұлақ-Зимунай магистральдық газ желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілді), бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы конструкциялар шығару көлемінің 25629 тоннадан 8135 тоннаға дейін немесе 3 есе азаюына (құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі салдарынан) байланысты.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 25 млрд. 407,6 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 12,3% артық, табиғи көлем индексі – 104,7
Мал шаруашылығы өнімдері біршама өсіп, оның ішінде ет тірі салмақта
15,6 мың тонна болып, 103,3% -ға , сүт 46,3 мың тонна болып 103,3%- ға, жұмыртқа 6,8 млн. дана болып, 103,4%- ға орындалды.
Ірі қара – 79,6 мың бас болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,7% артқан, қой-ешкі – 88,1 мың бас болып, өткен жылдан 0,4%-ға көбейген, жылқы – 30,7 мың бас болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15,8% артқан, құстар – 57,9 мың бас болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102,4% өсімге жетті.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 14 бірлікке немесе 0,5% артып, 2765 бірлікті құрады (шаруа қожалықтары санының 97 бірлікке көбеюі есебінен). Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі есепті кезеңде 24% -ға немесе 1678,6 млн.теңгеге өсіп, 8673,3 млн.теңгені құрады. Табиғи көлем индексі - 121,8%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3145,8 млн.теңгені құрады, 7782 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді., бұл 2018 жылғы деңгейден 2,8 есе көп.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 8020,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12,3%-ға артық орындалады. Табиғи көлем индексі – 105,1%.
Ағымдағы жылдың басынан бері 407 жұмыссыз тіркелді немесе 2018 жылға қарағанда 57,5% (708 адам). Жұмыспен қамту мекемесіне 1937 адам жүгінсе, олардың 997-і жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту деңгейі 93,1% құрады.
2020 жылдың 1 қаңтарына 409 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына - 37 адам, 480 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді, 51 жас маман жастар іс-тәжірибесінен өтуге жолданды, 447 жаңадан жұмыс орындары құрылды.
2019 жылы 1173 отбасының 5829 азаматына 657,6 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Аудандағы 7- мемлекеттік, 9 - жекеменшік және жекешелік мемлекеттік әріптестік арқылы жұмыс істейтін 16 балабақшада 1285 бала тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығындағы балалар 100% мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылып отырса, 1-6 жас бойынша – 92%. 2019 жылы жаңадан жалпы саны 130 орындық 3 балабақша ашылды (50 орындық «Балапан» балабақшасы, 50 орындық «Анель» балабақшасы, 30 орындық «Мадина» балабақшасы). Денсаулық сақтау саласында туберкулез ауруына шалдығу деңгейінің 38,5%-ға төмендеуі байқалады (2019 жылы - 8 адам, 2018 жылы - 13 адам). 2019 жылы ауданда 700 адам дүниеге келді, 225 адам қайтыс болды, ана өлімі деректері тіркелген жоқ. 2019 жылы тіркелген қылмыстар саны 186 болды (өткен жылы - 252), 26,2%-ға төмендеу байқалады. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 100% құрады.
2019 жылға аудан бюджетінің шығыс бөлігінің жоспары 8410,4 млн теңге болып, 8375,0 млн теңгеге немесе 99,7%-ға игерілді
2020 жылдың 1 қаңтарына аудандық бюджеттің өз кірістері 100,2% орындалып, 1550,6 млн.теңгені құрады.
Аудан бойынша бір жұмысшыға шаққандағы орташа айлық жалақы - 127 489 теңге, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 15,9% -ға жоғары.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның жергілікті атқарушы органдары жүктелген келесідей міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету қажет:
1) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру туралы;
2) «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтау;
4) аумақтық дамыту бағдарламасының негізгі жоспарлы индикаторларының орындалуын қамтамасыз ету;
5) ауданға инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды жандандыру;
6) индустриялық-инновациялық даму және агроөнеркәсіптік кешен бағдарламаларын іске асыру, кәсіпкерлікті қолдау;
7) әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің жақсаруын қамтамасыз ету.
8) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын қатаң бақылауда ұстау.
Аудан әкімінің орынбасары М. Сапарғалиева
Ауданның экономика және қаржы Бөлімінің басшысы Н. Кабидолдина