Аудандық білім бөлімі бойынша 2020 жылдың 6 айы бойынша төмендегідей мәлімет беріледі:
Аудан бойынша 27 мектеп: оның 17-і орта, 8-і негізгі орта, 2-і бастауыш мектеп, 16 балабақша, 2 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім беру 1 жастан 5 жасқа дейінгі барлық бала санының 92%-ын, 3 жастан 6 жасқа дейінгі бала санының 100% құрайды.
2019-20 оқу жылын аудан мектептерін 6367 оқушы аяқтап, 60% білім сапасын көрсетті. Олардың 1486-ы үздік, 2335 – екпінді.
Білім және ғылым министрінің 1 сәуір 2020 жылғы № 123 бұйрығына сәйкес «Пандемия кезінде білім беру ұйымдарында COVID-19 короновирустық инфекцияның таратылуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту» негізінде аудан мектептерінде оқу жылының 4 тоқсанның оқу бағдарламасы қашықтан оқыту режимінде жүргізілді және қорытынды аттесттау емтихандары өткізілген жоқ.
Негізгі орта білім туралы аттестат алғандар саны- 494, орта білім туралы -354 және 4 түлек кешкі мектепті аяқтады. Аудан мектептерінде 31 түлекке - «Алтын белгі», 27- жалпы орта білім туралы «Үздік» аттестат, негізгі орта білім туралы «Үздік» аттестат -71 оқушыға табысталды.
4 маусым күні мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау мерекесі салтанатты түрде өткізілді.
Ауданда Ұлттық Бірыңғай тестілеу қаңтар айында бір лекпен және маусым айының 21-24 аралығына 4 лекпен өтті.
Қаңтар айындағы тестілеуге аудан мектептеріндегі мектеп түлектерінің 87,6 % қатысып, аудан бойынша орташа балл- 63,7 болды.
Маусым айында тестілеуге 334 түлек қатысты. Бұл барлық түлектің 94,3%-ы. Орташа балл-76,3. Бұл республикалық көрсеткіштен 12,3 балға артық. ҰБТ өткізу кезінде санитарлық- гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 847 мың тенге қаражат бөлініп қажетті құрал- жабдықтар сатып алынды:
- 100 қолғап (перчатка) пен 1000 бетперде
- Кіреберіске дезинфекциялық тосқауылдар (кілемше), санитайзерлер, бактерицидті сәулелендіру құралдары, қоқыс жәшіктері
- сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын тоннель
Ауданның 12 білім беру мекемелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге 258 млн 277 мың қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылуда. (М. Ломоносов ОМ, Кеңсай ОМ, Қазақстан ОМ, Амангелді ОМ, Шекарашы ОМ, Музыка мектебі, «Балдырған», «Балғын» балабақшалары, Мүкарама ОМ, Жарсу ОМ, Орманбетов НОМ). 6 ай қорытындысы бойынша Жарсу ОМ, Орманбетов
НОМ, Амангелді ОМ, музыка мектептері мен «Балдырған», «Балғын» балабақшаларының ағымдағы жұмыстары толығымен аяқталды. 4050000 тенге қаражат бөлініп, Жарсу ОМ, Амангелді ОМ, Ю. Гагарин ОМ жылу қазандықтарының пеші ауыстырылса, 1200000 тенгеге Ю. Гагарин ОМ көмір қоймасы ағымдағы жөндеуден өтті.
Ю. Гагарин орта мектебінің жылу қазандығын газға қосуға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы жобалық сметалық құжат жасалып, жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті. Октябрь негізгі орта мектебін газбен жылытуға 7 млн 190 мың тенге қаржы бөлініп, газға қосылу жұмыстары аяқталып, Биқадамов бастауыш, Жамбыл негізгі орта, Қазақстан орта мектептерінің қазандықтарын газға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Аудандағы 27 мектептің барлығына оқушы контингентіне сәйкес ішкі әжетхана 100 % орнатылды. 2019 жылы бұл көрсеткіш -7% құраған.
Барлық білім беру мекемелерінде абаттандыру айлығына орай абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2020-21 оқу жылына 12 баспамен және тасымалдаушы жақпен келісім -шарт жасалып, жаңа білім мазмұнына көшетін 11 сынып үшін, жеткіліксіз және қажетті оқулықтарды сатып алуға жергілікті бюджеттен 51 млн 859 мың қаражат бөлініп жұмыстар атқарылуда.
Балаларды 1 сыныпқа қабылдау VKO.DDO.KZ порталында автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізілуде. Маусым айының қорытындысы бойынша қабылдануға тиісті баланың 63 % порталға тіркелді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы К. Салахов