Меню

Страницы

Статья

 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу ерекшеліктері»

 

 

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ең танымал қызметтердің қатарына кіреді. Статистикалық деректерге сәйкес қалалар мен аудандардың әкімдіктері, сондай-ақ жер қатынастары бөлімдері 2022 жылы облыс бойынша 40 мыңнан астам осындай қызмет көрсетті.

Қолданыстағы тұрғын үйді, гаражды немесе саяжайды орналастыру үшін жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алуға кезекке тұру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде электрондық түрде өтініш беру арқылы мүмкін болады.

Қажетті құжаттар тізбесі және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларда көрсетілген.

Электрондық форматта «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру», «Жер учаскесін алуға кезекке қою» сияқты қызметтерді алуға болады.

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау», «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату», «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» сияқты өзге де қызметтер қазіргі уақытта автоматтандырылмаған және жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш беру арқылы қағаз түрінде көрсетіледі.

Халықтың сұранысына ие қызметтердің бірі «Жер учаскесін алуға кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Тек 2022 жылы Өскемен қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін арнайы есепке 15000-нан астам өтініш қойылды. Сонымен қатар, тұрғын үйлерді салуға арналған жер учаскелері бөлу үшін алаңдарды дайындау (сумен және электрмен жабдықтау желілерімен перспективалы құрылыс салу аумағын қамтамасыз ету) шамасына қарай кезектілік тәртібімен берілуі мүмкін екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» қызметі де танымал мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Қазақстан Республикасының жер заңнамасында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері тікелей жергілікті әкімдіктердің шешімдерімен (оларды сауда-саттықта сатпай) берілуі мүмкін жағдайлар көзделген. Мұндай жағдайларға қолданыстағы құрылыстар мен құрылысжайларды орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін, оның ішінде кондоминиум қатысушыларына кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау үшін, жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын күтіп-ұстау жөніндегі мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында, бау-бақша өсіру үшін, жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша, саяжай шаруашылығын жүргізу үшін, саяжай құрылысы үшін және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер беру жатады. Осы мақсаттар үшін жерге құжаттарды ресімдеу кезінде өтінішке жер учаскесінің орналасқан жері, ауданы, оның нысаналы мақсаты, құқық түрі жазылады, сондай-ақ сұралып отырған жер учаскесінің схемасы қоса беріледі.

 

«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ,

спикер Т. Г. Корнилович

Дата публикации
19 апреля 2023
Дата обновления
19 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ-2026
26 февраля 2026
САЙЛАУ УЧАСКЕСІН ОНЛАЙН ТАБЫҢЫЗ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы