«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есебі
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты 3 бақылау іс-шарасы өткізілді. Бақылаумен 3 жергілікті атқарушы орган қамтылды.
Тексеру барысында 2 бұзушылық анықталды:
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы – 1 жағдай;
- есептік деректердің сәйкессіздігі – 1 жағдай.
Есепті кезеңде барлығы 4482 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- жеке тұлғаларға – 4164;
- заңды тұлғаларға – 318.
Кеңсе арқылы – 1172 (1054 жеке, 118 заңды)
Мемлекеттік корпорация арқылы – 361 (353 жеке, 8 заңды)
Электрондық түрде – 3054 (2809 жеке, 245 заңды)
Электрондық қызметтер:
- «электрондық үкімет» порталы – 2944
- «Е-лицензиялау» – 1099
- Ақпараттық жүйелер – 171
2025 жылы 483 негізделген бас тарту тіркелді:
- жеке тұлғалар – 472
- заңды тұлғалар – 11
Электрондық түрде – 379
Қағаз түрінде – 104
Есепті кезеңде шағымдар түскен жоқ.
2025 жылы 6 қызметкер біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
9 іс-шара өткізілді, қамту – 131 адам.
8 онлайн іс-шара (Instagram) ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасады.