№1 ШЕШІМІ

Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін

референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

 

Зайсан аудандық аумақтық референдум комиссиясының

№1  ШЕШІМІ

 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік референдум комиссияларының ұсынуы бойынша референдум комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

           

Р/б

№

Референдум учаскесінің

№ _____  

Учаскенің орналасқан жері

1.         

625

ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан  қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан ауданы шекара басқармасы

2.         

627

ШҚО, Зайсан ауданы, Шілікті ауылы,

Қазақстан Республикасы Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Шілікті» шекара бөлімі

3.         

628

ШҚО, Зайсан ауданы, Қаратал ауылы, Қазақстан Республикасы Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Қаратал» шекара бөлімі

4.

1148

ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан  қаласы, ҚР Ішкі істер министрлігінің ШҚО бойынша полиция департаментінің Зайсан аудандық полиция бөлімі, тергеу кезінде уақытша ұстау изоляторы

 

  1. Бұл референдум учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешім Зайсан аудандық аумақтық референдум комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
  3. Осы шешімнің көшірмесі Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.

 

 

Комиссия төрағасы                      _____________  С.М.Андырбаев

        МО                

 

Комиссия хатшысы                          _____________  Р.С.Исажанова

 

2026 жылғы  06 наурыз

 

 

 

 

 

Ескертпе: Шешім дауыс беру күніне жеті күннен кешіктірілмей қабылданады.

Дата публикации
06 марта 2026