Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабы 2 – тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 – бабы 1 –тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Зайсан ауданының елді мекендерінде пәтерлер, тұрғын емес үй – жайлар, меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Зайсан ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Зайсан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зайсан ауданының әкімі А.Ахметсалимкызы