«Зайсанауданы бойынша бірыңғайсәулеттіккелбетберугебағытталған, көппәтерлітұрғынүйлердіңқасбеттерін, шатырларынағымдағынемесекүрделіжөндеубойыншаіс-шаралардыұйымдастыружәнежүргізуқағидаларынбекітутуралы» Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 438 - қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Зайсан ауданында бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көп пәтерлі үйлердің қасбеттері мен шатырларына ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу ережелерін бекіту туралы» Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 438(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8849-16 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

          көрсетілген қаулының 2-тармағындағы 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

          «3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);»;

2-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын:

          көрсетілген қаулының 2-тармағындағы 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайлары иелерінің жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) кондоминиум объектісін басқаруға байланысты ұжымдық талқылауды және (немесе) шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;»

 

 

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Зайсан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Зайсан ауданының әкімі                                                      А.Ахметсалимқызы

Дата публикации
08 января 2026