Зайсан аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күшін
жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы №22/4-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9025-16 болып тіркелген); 2) «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы №22/4-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы №32/17-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9162-16 болып тіркелген). 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зайсан аудандық
мәслихатының төрағасы Е.Загипаров