Зайсан ауданындағы ауылдық елдi
мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн
келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына,
ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға көтерме
жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға
немесе салуға бюджеттік кредит түрінде
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттік кредит айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
Зайсан аудандық
мәслихатының төрағасы Е.Загипаров